Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Экс-бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Бойжеткен / Шаңырақ / Үй тазалауда эфир майы рахат сыйлайды

Үй тазалауда эфир майы рахат сыйлайды

Үй тазалауда эфир майы рахат сыйлайды

Қазір көпшілігі үй шаруасында да, денсаулық сақтау саласында да, қай жерде де табиғи жолды таңдауға тырысады. Ал үй тазалауға кіріскенде эфир майымен достассаңыз, хош иіске бөленіп, денсаулығыңызға да пайдасы тиіп, қалтаңызға да шығын келмейді. Арзан әрі оңай тәсілмен жаныңызға жайлылық сыйлаңыз.

Шаңсорғыш. Мақтаның кішкене бөлігіне иланг-иланг эфир майын тамызып, оны шаңсорғышпен ішіне тартсаңыз, майдың хош иісі шаңсорғыштағы шаңның иісін жояды. Бұл шаңнан аллергиясы бар адамдарға зор көмек болады.

Киім-кешек.  Түкті қолғапқа өзіңіз жақсы көретін эфир майынан шамалап 6-7 тамшы тамызыңыз да, кір жуғаннан кейін кептіретін жерге киімдердің жанына қойыңыз. Киімдер кепкенше хош иіс сіңіп, сізге ленор секілді қымбат концетраттың қажеті де болмайды.

Тоңазытқыш. Шүберекке 2 тамшы мандарин майы және 2 тамшы лаванда майын тамызып, оны тоңазытқышқа салып қойыңыз. Уақыт өткен сайын майды жаңалап тамызып отырыңыз. Тоңазытқыштағы артық иісті жойып, орнына хош иіс бөліп тұрады.

Қоқыс шелегі. Дөңгелек мақтаға 1 тамшы апельсин майы мен 1 тамшы шай ағашы майын тамызып, жақсылап жуылған шелектің түбіне салып қойыңыз.

Қысқатолқынды пеш. Бір стақан суға 5-4 тамшы лимон эфир майын тамызып, оны қысқатолқынды пешке салыңыз да, 3-4 минут ең жоғары температурада қыздырыңыз. Пешіңіз жаңарып, тазарып қалады.

Жиһаз үшін және қақты кетіру. Бір литр сіркесуына (уксус) 10-12 тамшы шалфей майы, шай ағашы эфир майы және де лимон майын тамызыңыз. Осы сұйықтықты зарарсыздандыратын және мінсіз тазартатын ең арзан құрал ретінде қолдансаңыз болады.

0
Рейтинг: +2

Дайындаған: Әсел Асанова
Фото: pixabay.com
Қосылған күні: 11 қыркүйек, 09:06

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.