Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Экс-бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Бойжеткен / Шаңырақ / Бала түнде тыныш ұйықтауы үшін

Бала түнде тыныш ұйықтауы үшін

Бала түнде тыныш ұйықтауы үшін

Көптеген жас ата-ана үйде сәби пайда болысымен, түнгі тыныш ұйқыны ұмытады. Кез келген ана баласының түн ортасында оянып, жылап әкесін мазаламағанын қалайды.

Тәжірибе көрсеткендей, нәрестенің ұйқы уақытын туа сала қалыптастыруға болады. Әрине, перзентханада бұл мүмкін емес, алайда үйге келгеннен кейін баланы қалай дағдыландыру өз қолыңызда. Бұл сіз ойлағаннан көбірек уақыт алуы мүмкін, алайда нәтижесі қуантарлық болады.

Алғашқыда бала түн ішінде қарны ашып, 1-2 сағат сайын оянады. Бұл кезде су не емізік берсеңіз болады. Алайда асқазаны біршама жетіліп, 4-5 айға толып, ана сүтіне қосымша тамақтар енгізбейінше бала түнде оянған кезде омырау сүтімен тамақтандырып ұйықтатқан пайдалырақ. 5-6 айдан асқаннан кейін баланы ұйықтататар алдында қарнын тойғызып жатқызсаңыз, кем дегенде 6 сағат шамасында оянбастан ұйықтайды. Бірақ мұқият болыңыз, баланы тойғызам деп шамадан тыс көп беруге де болмайды. Өзі бас тартқан кезде ары қарай оны қинап тамақ жегізем деу бос әурешілік және де денсаулығына зиян. Толып тұрған асқазанмен ұйықтау қиынға соғады. Егер балаға сағат он екілер шамасында тамақ берсеңіз, келесі тамағын шамамен таңғы сағат алтыға дайындап қойыңыз.

Сонымен қатар, баланы ұйқыға жатқызардан 1,5-2 сағат бұрын суға шомылдырыңыз, жеңіл массаж жасаңыз, ертегі айтыңыз, ойнаңыз. Оны арнайы теңіз тұзымен, тыныштандыратын шөптермен не жай ғана балаларға арналған көбікпен шомылдыруға болады.

Түнгі ұйқы – ең ұзақ ұйқы, түннің алдында 2-3 сағаттан артық бала ояу жүрмеуі керек, яғни түнгі ұйқыға жатардан 3-4 сағат бұрын тағы да ұйықтап тұруы керек. Баланы күні бойы ұйықтатпай ұстаса, түнде жақсы ұйықтайды деген ертегіге сенбеңіз.  Керісінше, қатты шршағандықтан түнде қайта-қайта оянып, дұрыс ұйықтай алмауы мүмкін.

Баланы ауасы тазартылған, желдетілген бөлмеге жатқызу керек. Күн сайын бөлме іщін тазалап, одан соң ауасын алмастырып тұрыңыз. Бала жататын бөлмеде бөтен адам, үй жануары, шу болмауы тиіс. Ол жатқан бөлмеде теледидар қосылып тұрса, өшіріңіз. Жоқ дегенде балаларға арналған радио қосуға ғана болады.

Балаңыз кереуетте, төсекте секіріп, ойнақтауына жол бермеңіз. Ол тек ұйықтауға арналған орын екенін түсінсін.

Балаға ұйқының маңызын, оның не үшін керек екенін айтып беріңіз. Ол мұны түсінбейді демеңіз, бейсанасына қабылдайды, өсе келе айтып жатқан сөздеріңіздің мағынасын да ұғатын болады.

Бала түнде тыныш ұйықтауына не кедергі келтіретінін түсінуге тырысыңыз. Баланың терісін мұқият қараңыз, ісінген, қызарған жерлері бар-жоғын тексеріңіз. Мүмкін іші не басқа жері ауыратын шығар.

Далада ауа райы нашар болса да бала тыныш ұйықтай алмауы мүмкін, себебі ересектерге қарағанда балалар табиғатпен етене байланыста. Қазақ арасында баланың киім-кешегін далада қалдырмайды, егер қалып қойса бала түнде мазасызданып ұйықтай алмайды деген де сенім бар, оған да мән беріңіз.

Есіңізде болсын, бала тыныш ұйықтай алмаса, оған ұрсып, айқайламаңыз. Ол баланы қорқыта түседі. Керісінше, балаға сіздің қамқорлығыңыз, мейіріміңіз керек. Шыдамды болуға тырысыңыз. Сонда ғана ол өзін жақсырақ сезінеді.

0
Рейтинг: +1

Дайындаған: Әсел Асанова
Фото: pixabay.com
Қосылған күні: 13 қыркүйек, 09:19

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.