Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Бойжеткен / Шаңырақ / Гүл шоғы ұзақ өмір сүруі үшін...

Гүл шоғы ұзақ өмір сүруі үшін...

Гүл шоғы ұзақ өмір сүруі үшін...

Адамдар 10-15 күнге дейін балғындығын сақтап тұрған гүлдерді көріп таңқалады. Солмағанына тамсанып: "Сірә, шын ниетімен сыйлаған ғой" деп жатады. Әрине, романтикаға сенуге болады, бірақ оның құпиясы басқада. Құмырадағы гүлді ұзақ сақтау үшін гүл баптаушылар қолданатын бірнеше қулық бар, соларды білген жөн.

Гүлдер де адамдар секілді өте сезімтал келеді. Кесілген өсімдік ылғал мен қорек көзінен айырылып, күйзеліске ұшырайды. Сондықтан сола бастайды. Гүл өлуінің тағы бір себебі – тұрақсыз тыныс алу. Ғалымдар өсімдікті кескен соң оның тыныс алуы баяулайтындығын байқаған. Ал дәл солуының алдында оның тыныс алуы жиілейді. Сонымен қатар, оның сабағындағы "қан тамырлары" бітеліп қалады, соның нәтижесінде гүл қант пен ылғал тапшылығын сезінеді.

Дұрыс таңдау

Гүлдердің өмірін ұзартуға көмектесетін көптеген кеңестер бар. Бірақ олар тек балғын гүлдерге арналған. Егер өсімдік гүл сататын дүкенде бірнеше күн тұрып қалған болса, оның балғындығын ұзаққа сақтау мүмкін болмайды. Сондықтан гүл шоғын дұрыс таңдай білу керек. Ол үшін мыналарға мән беріңіз:

- Гүл күлтесі мен жапырақ реңі. Балғын өсімдік өзінің қоректік заттарын әлі де жоғалтпағандықтан гүлдері мен жапырақтары қанық бояуға ие болады. Өсімдік жапырағының құрғақ болуы немесе қара дақтары – оның сола бастағанының бір белгісі;
- Гүл жапырақтарының көп болуы. Гүл шеткі жапырақтарынан бастап "өле" бастайды. Сатушылар гүлге әдемі түр беру үшін оның осындай түсе бастаған жапырақтарын қасындағылармен бірге жұлып тастайды. Оны бір қарағаннан байқау қиын болады. Бірақ егер гүл жалаң көрінсе, оны алмай-ақ қойған жөн;
- Иілгіштігі мен ылғалдылығы. Балғын өсімдік өте иілгіш келеді. Егер оның жапырағын абайлап бүксеңіз, ол бірден орнына келу керек және бүгілген жерінде із қалмауы тиіс;
- Кескен жердің түсі. Кескен жер ашық жасыл түсті болса, ол оның балғындығын білдіреді. Ал ол сәл қарайған болса, оның құмырада ұзақ тұрғандығын білдіреді.

Гүлді құмырада ұзақ сақтаудың әдістері

Гүл ұзақ сақталуы үшін оның суын жиі ауыстыру керек. Бірақ гүл шоғының балғындығын сақтау үшін тек су ауыстыру жеткіліксіз, ол үшін  басқа да бірнеше жағдайларды ескеру керек.

Алғашқы әрекет

Үйге әкелген гүл шоғын бірден ашып тастаудың қажеті жоқ. Оларға "өзіне келуге" уақыт беріңіз. Ол үшін гүлді 20-30 минутқа сол күйінде қалдырыңыз. Содан соң мына 5 әрекетті жасаңыз:

1. Гүл сабақтарын босатыңыз.
2. Гүлдерді ағып тұрған судың астына ұстап, түбін қайшымен қиып тастаңыз. Судың астында ұстау арқылы өсімдікті қан тамырлардың бітеліп қалуынан қорғайсыз.
3. Қағазды жылы сумен сулап, онымен гүл сабағын орап қойыңыз. Оның орнына гүл түбін ыстық суға (40-50°C) салуға болады.
4. Гүл шыдамдылығын арттыру үшін оны салқындау жерге (2 сағатқа) шығарып қойыңыз. Ыстық су өсімдікті ылғалмен жылдам қамтамасыз етеді. Ал суық ауа гүлге ылғалды аз жоғалтуға көмектеседі.
5. Ыдысқа су құйып, оны солай қалдырыңыз. Сол кезде бірнеше сағат ішінде судағы хлор ұшып кетеді. Сонымен қатар, суды қайнатып, суытып қоюға болады.

Гүлге құмыра таңдау

Кейде дұрыс таңдалмаған құмыраның кесірінен гүлге жасаған күтіміңіз құр кетуі мүмкін. Сондықтан гүл баптаушылар құмыра таңдауда қажет болатын екі кеңес ұсынады:

- Шыны құмыра – оңтайлы нұсқа. Керамикалық немесе металл қыш құмаралар мүлдем жарамайды. Олар бактерияның тез көбеюіне ықпал етеді;
- Құмыраның аузы кең болуы керек. Жіңішке құмыралар әдемі көрінгенімен, ол гүл шоғына сай келмейді. Гүлдер тарлықты ұнатпайды. Сондықтан төртбұрышты немесе жоғарғы жағы кеңейтілген құмыралар алған жөн.

Өсімдікті бактерия көбеюінен сақтау үшін күнде гүлдің өлген жапырақтарын жұлып, құмыраны сабынмен жуу керек.

Екінші рет кесу

Гүлді құмыраға салмас бұрын оның түбін тағы да кеседі. Жоғарыда айтқандай сабақты ағып тұрған судың астында жүргізу керек. Өсімдікті шөлдетпей, дұрыс ылғалдандырумен қамтамасыз ету үшін төмендегі 3 ұсынысты ескеріңіз:

1. Қисық етіп кесіңіз. Сол кезде өсімдікте ылғал сіңіруге арналған үлкен жазықтық пайда болады.
2. Төменгі жапырақтарды жұлып тастаңыз. Бұл әрекетіңізбен өсімдікті ылғалдың буға айналуынан және бактерия көбеюінен қорғайсыз.
3. Жұмсақ сабақтарды тіліп жібереу керек. Бұл қызғалдақ, нәркес секілді гүлдерге қатысты айтылған. Жұмсақ сабақтарды тек кесіп қана қоймай, ұзынынан инемен тіліп те жіберу керек.

Орын

Гүл салынған құмыраны қай жерге қоятыныңыз да маңызды рөл атқарады:

- "Тыныш" жер. Ол күннің көзі тіке түспейтін және жел келмейтін жер болуы керек;
- Гүлдер қыздырғыш электр құрылғыларының жанында өмір сүре алмайды;
- Кесілген гүлдер жемістер мен көкөністердің қасында тұра алмайды. Себебі олардың қасында тұрған кесілген гүл этилен деген затты жылдам бөле бастайды, ал ол гүлдің тез өлуіне әкеледі.

Гүлді қоректендіру

Гүлді қоректендіру үшін келесі кеңестерге құлақ түріңіз:

- Қант. Ол кез келген гүлдерге қолдануға болатын әмбебап құрал. Гүлді қорекпен қамтамасыз ету үшін 1 л суға 1,5 шай қасық қант салыңыз.
- Аспирин. Аспирин бақытгүл (хризантем) секілді кей гүлдерге қорек көзі бола алады.
- Сірке суы. Кесілген гүлдер сірке суы ерітіндісінде жақсы сақталады. Ол үшін 1 л суға 2 ас қасық сірке суын құяды.
- Өндірістік қоспа. Ол гүл сататын дүкендерде болады және оны тек нұсқамасы бойынша қолдану керек. Олар ұнтақ немесе тамшы күйінде шығарылады. 

Байқағаныңыздай, гүлдер өте ұқыпты күтімді қажет етеді. Сондықтан сыйлыққа гүл алғанды қаншалықты жақсы көрсеңіз, гүл шоғына соншалықты сүйіспеншілікпен күтім жасауды ұмытпаңыз.

0
Рейтинг: +0

Дайындаған: Ақтоты Жапатова
Фото: unsplash.com
Қосылған күні: 12 сәуір, 11:49

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.