Әйелдің отбасындағы негізгі міндеттері

Әйелдің отбасындағы негізгі міндеттері
Фото: Intensiva Cursos, Budumamoi.com

«Үйлену оңай, үй болу қиын» дейтін қазақпыз. Алайда бұл сөздің астарына терең үңілер болсақ, дана халқымыз бізге ақыл ретінде көп дүниені ескертіп тұрғанын аңғарасыз.  Себебі оңай мен қиын, ауыр мен жеңіл, ақ пен қарадан тұратын өмірде отбасын берік, қара шаңырақты шайқалтпай ұстау  - үйленген екі жастың қолында екенін меңзейді. Ер мен әйелдің тең емес екенін, отбасындағы әйел мен ердің өз міндеттері болатынын айтады. Нәзік жанды жаратылыс иесі әйелдің отбасындағы міндетін санауға келмегенімен, негізгі 10 міндетін атап өтейік.

1. Күйеуін сыпайы түрде шақыру. Жұбайыңызды өз есімімен атамай, еркелетіп немесе өзіне ұнайтын есіммен атағаныңыз дұрыс. Айқайлап есімін айтып шақырғаннан бір ауыз сыпайы шақырғаныңыз, отбасы берекесін кіргізе түспек.

2. Жарының алдында сәнді шаш үлгісінде болу. Жұмыстан шаршап келген еріңізге энергия көзі бола біліңіз. Ол сіздің жүріп-тұрысыңыздан бөлек, сыртқы сұлу бейнеңізге тікелей байланысты. Сіздің шаршаңқы жүзіңіз күйеңіздің көңіл-күйіне әсер етуі мүмкін.

3. Көркем мінез – көңіл айнасы. Отбасындағы әйелдің қас-қабағы үй ішінің аурасын айтқызбай-ақ көрсетіп бере алады. Сол себепті сіздің көркем мінезіңіз отбасында маңызды рөлге ие екенін бір сәт те естен шығармағайсыз. Жай ғана  еріңізді жұмыстан күліп қарсы алуыңыз бен жылы сөзіңіз осыған мысал болмақ.

4. Отбасы заңына бағыну. Әрбір үйдің өз талап-тәртібі, өзіндік бір ерекшеліктері мен қағидалары болады. Сол шекарадан аспасаңыз болды.


5. Тұрмыс құрғанға дейінгі жағдайды айта бермеу. Қыз баласы тұрмысқа шықпай тұрып, «отбасы», «ата-ене», «бала» сөзінің астарына терең үңіліп, отбасын құруға іштей дайындығы болуы қажет. Ерінің отбасын жылы қабылдап, бірінші орында ата-анасының (ата-ене) көңілінен шығып, разылығын алу қажет.

6. Тапқан табысын міндетсінбеу. Бүгінде отбасы мен жұмысты қатар алып жүрген нәзік жандылар қатары көп. Сол себепті екеуінің сіз үшін жетекшісі қайсысы екенін ажырата біліңіз. Басты құндылығыңыз отбасы болса, жұмысты көмекшісі ретінде қарастыра біліңіз.

7. Ерінің достарын құрметтеу. Әйел адам күйеуіне деген құрметін көптеген әрекет арқылы көрсете алады. Соның бірі – жұбайыңыздың достарын сыйлап, үйге келген қонаққа құрметпен қарау.

8. Үнемдеу. Сүйіктіңіз сүрлігіп, ай бойы жұмыс істеп тапқан табысын үнемдей біліңіз. Айлықпен күн көретіндер бір айлық қаржыны тек есеппен ғана жеткізетінін ұмытпаңыз.

9. Күйеуіңіз – карольіңіз. Ешқашан сүйіктіңізді басқалармен салыстырмаңыз. Есіңізде болсын, ер адам алдындағы кішіпейілдік әйелдерге жарасады. Егер де салыстыру қажет болса, алдымен өзіңізді өзгелермен салыстырып көріңіз. Жай ғана үй тазалығынан бастап, тәтті тағам пісіру, т.б. осындай көзге көрінбес салыстырулар сізді өз орныңызға қояды.

10. Әйел адам баламен бақытты. Ұрпақ сүю, артына ұрпақ қалдыру отбасының басты  міндеті. Ал оны саналы, тәрбиелі ұрпақ етіп шығару ата-ана міндеті.

«Әйел – қырық шырақты» демекші отбасында әйел қауымына артылған жауапкершілік көп-ақ. Ал, сіз үшін әйелдің отбасындағы негізгі міндеті деп тағы нені айтар едіңіз?

Н. Үсенова