Асүй сүлгілерінің қаупі анықталды

Асүй сүлгілерінің қаупі анықталды
Фото: Alamy

Асүй сүлгілерін көп қолданған кезде ондағы патогенді микроағзалар көбейіп, тағамнан улануға әкеп соғады. Мұны Маврикия университетінің ғалымдары анықтады.

Сараптама барысында 1 ай бойы қолданылған 100 асүй сүлгісі зерттелді. Ғалымдар бактериялардың үлгілерін жинап, өсірді. Содан соң стандартқа сай биохимиялық әдістермен теңестірді. Сонымен қатар бактериялардың мөлшерін, талдау жасалған сүлгідегі бактериялардың санын анықтады.

Нәтижесінде сүлгілердің 49 пайызында бактериялардың өсуі отбасындағы балалар мен басқа да адамдардың санына тәуелді болды. Ал патогенді микрофлоралардың арасында колиморфты бактериялар (36,7 процент), энтерококтар (36,7 процент) және стафилококк (14,3 процент) табылды.

Колиморфты бактериялар (ішек таяқшасы тобының бактериялары, ІТТБ) дымқыл және көп қолданылған сүлгілерден анықталды. Үйде ет өнімдерін жеу ІТТБ және стафилококк бактерияларын көбейтетін болып шықты. Бұл патогенді микроағзалар тамаққа түсіп, асқазан-ішек жолдарын бұзуы мүмкін.

baq.kz

Н. Үсенова