- Негізгі бет
- Шаңырақ
- Сүт шығуды арттыру...
Сүт шығуды арттыру
Сүт шығуды (лактация) арттыру – баланың дұрыс дамуына және денсаулығына қажетті емшек сүтінің жетіспеушілігіне тап болған кез келген жас анаға арналған өзекті сұрақ. Сүт шығуды арттыруға көмектесетін 6 әдісті ұсынамыз.
Сүт жетіспеушілігіне жас аналар жиі тап болады. Бірақ ол дәріханаға бала қоспасы мен бөтелке алуға жүгіруге себеп емес. Статистика бойынша, сүт безі ауруы мен психологиялық бұзылуы себебінен әйелдердің 1%-ы ғана емізе алмайды. Егер бұл топқа жатпасаңыз, емізуден бас тартпауға тырысыңыз.
Сүт шығуды арттыратын ең тиімді әдістер:
1. Баланы жиі емізіңіз. Дәрігерлер сүт жетіспеушілігі кезінде баланы сағат сайын және түнде де емізе беруді ұсынады. Әрине, босанғаннан кейін әлі де өзіне келіп үлгермеген, әлсіз анаға қайта-қайта емізу қиынға соғуы мүмкін. Бірақ, жеткілікті сүт мөлшері өңделгенше, бірнеше апта шыдауға болады. Бұл кезде нақты уақытпен емізу туралы ойламай тұра тұрыңыз.
2. Тамақтануыңызды бақылаңыз. Сүт көп болу үшін мына тағамдарды күнде жеңіз: грек жаңғағы, бал, ет, балық, жұмыртқа, қарақұмық және сұлы жармасы ботқасы, қара қарақат. Күнделікті мәзірден өте майлы және ащы тағамдарды алып тастаңыз.
3. Емізуден соң сүтті сығып алмаңыз. Олай сіз ең қоректі және пайдалы сүтті алып аласыз.
4. Халықтық әдістерді қолданыңыз. Жылы сүтке ұсақталған грек жаңғағын салып ішуге және тары салынған ыстық шай ішуге болады.
5. Сұйық көп ішіңіз. Шай, компот, морс көп мөлшерде ішіңіз. Оған ыстық сорпалар да жатады.
6. Сүт шығаратын құралдар қолданыңыз. Бұл тәсілге тек басқалары көмектеспегенде ғана жүгінген жөн. Алдымен фенхель қосылған арнайы шайлар ішіңіз. Ол кез келген дәріханада сатылады. Асыра қолданудың қажеті жоқ, оны күніне 1-2 кесе ішкен жеткілікті. Емізетін аналарға арналған дәрумендер жинағын ішуге болады. Ал дәрі ішу үшін алдымен дәрігермен ақылдасу керек.
А. Жапатова