"Мама" сөзі қайдан шықты?

"Мама" сөзі қайдан шықты?
Фото: netref.ru

«Мама» сөзін біз қазір қазаққа орыспен келген сөз деп ұғамыз. Алайда, қазақтың орыспен еш араласы болмаған және сол тілде бір ауыз сөз білмейтін отбасыларда да жаңа туған сәбидің алғашқы сөзі «мама» болып шығатыны қалыпты жағдай екені баршамызға белгілі. Бұл жерде «неге бұлай?» деген сұрақ өзінен-өзі туындап тұр.

Мама деген сөзді жалғыз орыс емес, көрші түрікпен, шығыстағы қытай елі де осы мағынада қолданатын көрінеді.

«497. Mamma мама мама (бие) Шеше» («Қазақ сөздеріне жазылу, оқылу және мағына жағынан ұқсас 1000 ағылшын сөзі»http://abai.kz/post/40533).

«Мама – латынша «mamma (мағынасы: «әйелдің емшегі» сөзінен шыққан. Баласын емізетін әйелді, яғни ананы «мама» деп атау ертедегі латын тілінен шыққан». («Папа» мен «мама» жайлы» «http://anamenbala.kz/3401/).

«Мамма» - латынша емшек деген сөз (маммолог - емшек қарайтын дәрігер).

Ежелгі үнділіктер Мама деп, сүт беретін сиырды атаған.

Ел ішіндегі әңгімелерге қарағанда, Домалақ ананың да, бір аты «Дихнаи мама» делінеді. «Дихнат мама» «парсы сөзі», қазақ тіілне аударғанда «Әулие ана» деген мағына береді» (Уикипедия).
«Домалақ ана, Шайхы Мизамбекқызы Нұрила (1378, Түркістан - 28.05.1456, қазіргі Бәйдібек ауданы аумағы, Балабөген өзені) – есімі ел ұранына айналған абыз аналардың бірі. 6 – 7 ғасырлар тоғысында өмір сүрген. Бәйдібек бидің үшінші әйелі, Албан, Суан, Дулаттың анасы. Түркістандық Мақтым Ағзам қожаның немересі» (Уикипедиялық деректен).

Алма сөзінің түпкі мағынасының да Мама ағашқа тікелей қатысы бар. Біз оны маның, алма атауының екінші буынында тұрғанынан да айқын көреміз. «Азаулыда аға болған ерлер көп еді, Әйтсе де алмаға ат байлағаны жоқ еді...». Бұл кімнің жыры? Біліп отырсыздар. Өзінің деңгейін аңғартқысы келгенде: «Азаулының Аймадет Ер Доспанбет Ағаның Хан ұлына несі жоқ, Би ұлынан несі кем...», дейтін әйгілі Доспанбет жырау» (Толығырақ: https://egemen.kz/article/almagha-at-baylaghan-qanday-erler).

«Мама» сөзі – Әлімсақтан пайда болған ұғым. «Мама ағаш» деп – бір ғасырдан артық тұрған жеміс талды айтқан. «Мама бие» деп – 11-12 рет құлындаған жануарды айтады. Ал «Мамалы Найыз Әже» деп – бір ғасырдан артық өмір сүрген киелі Әз Аналарымызды айтқан» (Ілесбек Байжанов).

«Мама бие, мама сиыр деген ертеден келе жатқан қазақ сөзі. Арыстан баб әулиенің ертеректегі шырақшысы Мама Садық марқұмның айтқандарынан... Яғни малдың, жанның бастауы деген мағынада»(Данияр Жабалұлы Қасқыров).

Көп жасаған мама биені Қасаба деп атаған (осыдан «қасабалы бәйбіше» деген сөз тіркесі шықса керек).

Мама сөзі "Көкмойнақ" жырында былайша беріледі:

...Мама бие, көк бие,

Арда құлынға ұқсатып,

Аузымды ашсам емізді.

Көзден аққан қанды жас -

Омырауыма құйылды...Жалпы қазақ сөзін орыстың аудармасы ретінде қарау надандық!» (Амандық Көмеков).

«Мама» – көне сақ сөзі, ол «желін» деген мағынаны берген. Соның дәлелі ретінде бүгінгі күнге ықылым заманнан бізге сауын биелерге байланысты айтылатын «мама бие», сол биелер байланатын «мама ағаш» деген сөздер жетті. Демек, орыс халқының «мама» деген сөзі, орыс әйелдерінің «мамасы» үлкен және ашық-шашық жүретіндеріне байланысты қойылған болса керек.

Мама сөзінің түпкі мағынасын сөз құрамынан іздер болсақ, Манның алғашқы буыны ма-ның екі рет қайталануынан пайда болғанын және оның Манқыстау атауына тікелей қатысы бар екенін көреміз. 
Түсініктеме: Әлем елдері өз мәдениеттерін Алтайдан тарататыны белгілі. Алтайлықтар өз тектерін Маңғыстаудан таратады. Міне осы Алтайда, өте ескіден келе жатқан «Ма Адай Қара» дастаны бар. Бұл сөз тіркестерінің Ма-ның Манқыстауға, Адайдың Адайға, Қараның Қарағантүпке тікелей қатысты екені айқын көрініп тұр.

Сол сияқты Парсы (Иран) халқы да өз елдерінің бастауын ежелгі МАД патшалығынан таратады. МАД – қысқартылған сөз, Ман Адай деген мағына береді. Аналарын «мамалап» жүрген көрші орыс халқының «мат» деп жүргендері де осы сөз.

Мама 15-1-15-1 сандық жүйені құрап бұл ұғымның Нұқ пайғамбар заманында дүниеге келгенін және Маманың сөз түбірі Адам атаның екінші буынында тұрғанын көреміз.

Демек, Мама сөзінде Қарт қазақтың қарашаңырағы Маңғыстаулық Ман Атамыздың «авторлық құқы» жатыр.

Сөзімнің соңында айтарым, мен бұл мақаланы қазақтың  АНА, АНАМ, АНАШЫМ, АНАЖАНЫМ, ЖАН АНАМ, АСЫЛ АНАМ деген ең асыл сөздерін қолданыстан шығарып, жұрттың бәрі «мамалап» кетсін деп жазып отырғаным жоқ. Мен тек бұл сөздің бастауы қазаққа тиесілі екенін ғана айтып отырмын.

Түптің түбінде «Ат айналып қазығын, ер айналып елін табар» деген қазақ мақалының сыры осы болса керек.

 

Қожырбайұлы Мұхамбеткәрім
дереккөз: ult.kz

Т. Есқали