- Негізгі бет
- Шаңырақ
- Ер адамды жұбата...
Ер адамды жұбата аласыз ба?
Бір-бірін шын түсініп, жан дүниесін ұғатын жандар қай жағдайда да болмасын бар қиындықты бірге жеңетін нағыз махаббат қаһармандары.
Қыз баласы қашанда ер адамнан бір саты төмен тұратын жаратылыс иесі. Ер адамдардың көңіл-күйі де сізге байланысты. Неғұрлым әдемі киініп, әдемі жүрсеңіз сізді құрметтейтін болады. Жігітіңіз болса да, күйеуіңіз болса да, жан тәніңізбен сыйлап, құрметтеп жақсы көріңіз. Еркектердің реніші мен көңіл-күйінің жоқтығы сізге де әсер етпей қоймайды. Сондықтан ер адамды қалай жұбатуға және көңіл-күйін қалай көтеруге арналаған кеңеске құлақ асыңыз.
Біле жүріңіз:
1. Ренжіткен болсаңыз құшақтаңыз, алақанынан ұстаңыз.
2. Үнемі оның алдында күліп жүріңіз.
3. Жақсы қасиеттерін жиі айтып тұрыңыз.
4. Сізге өз мұң-қайғысын айтқан кезде, аяғына дейін тыңдаңыз.
5. Ерекше атаулармен еркелетіңіз.
6. Үнемі бетінен сүйіп тұрыңыз.
7. Қателігін бетіне басып айта бермеңіз.
8. Өзгелердің көзінше ренжіспеуге тырысыңыздар.
9. Айтқан нәрсесін орындауға тырысыңыз.
10. Ешқашанда өтірік айтпаңыз. Арадағы жағдайды ушықтыруы мүмкін.
11. Еріңізді ренжітіп алсаңыз, дәмді тамағын әзірлеуге тырысыңыз.
12. Көңіл-күйіне мән беріңіз. Көңіл-күйі жоқ болса, мазасын алып әр-түрлі сұрақтармен мазаламаңыз.
13. Тосын сыйлармен қуандырыңыз.
14. Ашуланса, үндемеңіз.
15. Табиғат аясына жиі шығып тұрыңыздар.
16. Тек сүйген жаныңызды бағалай білсеңіз болғаны.
17. Кішіпейілділік пен мейірімді жүрек қашанда ер адамның жүрегінен орын табады.
Н. Үсенова