Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Арнайы жобалар директоры

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Бойжеткен / Шаңырақ / 1-2 балаға қарағанда, көп баланы тәрбиелеу оңай

1-2 балаға қарағанда, көп баланы тәрбиелеу оңай

1-2 балаға қарағанда, көп баланы тәрбиелеу оңай

Бала тәрбиесі аса күрделі іс екені белгілі. Алайда баланың әр қылығынан мәселе туындатып, өзіңіз жағдайды ушықтырмаңыз. Жай ғана сана берсін деп тілеңіз.

• Баланы тәрбиелеу қиын емес. Ол үшін өзіңіз ақылды, ал балаларыңыз үшеу не одан көп болуы керек. Екі не одан аз баланы тәрбиелеу үнемі қиынға соғады. Дұрыс шешім қабылдаңыз.

• Баланың тәрбиесімен балалардың өзі айналысуы керек. Жүйе қарапайым: кішкентайлар үлкенді тыңдайды, үлкендер кішілер үшін жауап береді. Бітті!

• Біз оларға ересектер қатарына қосылуды ғана үйретеміз.

• Бар жақсысы – үлкендерге. Осындай жағдайда ғана олар тез «адам» болып өсуге талпынады.

• Ата-ананың басты мақсаты – талап қоя білу. Балалардан оның қолынан келеді-ау деген кез келген нәрсені өзі орындауын талап етіңіз, кейде қолынан келмейтін тапсырмалар беруге де болады. Болмаса да ұқсап бағады.

Балаларыңыз сізді тыңдаса – демек, ол сіздің балаңыз. Ал достарын тыңдап, теледидар бағып, сіз оған сөйлеп отырғанда да ойы басқа жақта болса, олар сізсіз де өмір сүре аламын деп ойлайды. Кез келген жағдайды көмекті сізден емес, даладан, гуглден сұрайды. Балаларыңызды сөзіңізге құлақ асуға үйретіңіз. Бірақ өз басын алып жүре алмайтын, сізге ғана қарайлайтын жалтық та болып қалмасын.

Тәрбие – оңай іс. Ұрыспаңыз, сынамаңыз, кінәламаңыз. Бала өз қателігінен сабақ алып, кез келген істі меңгеріп алуына мүмкіндік жасаңыз.

Балаға ересек адамша қараңыз, оның өзін де, пікірін де сыйлаңыз. Мүмкін ол сізден де ақылды шығар?!

0
Рейтинг: +2

Дайындаған: Әсел Асанова
Фото: Ак Жайык
Қосылған күні: 08 қыркүйек 2018, 15:04

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.