Бақытты отбасының 10 ережесі

Бақытты отбасының 10 ережесі
Фото: Ussur.net

Екі жас шаңырақ көтерерде «Болашағымыз жарқын, жанұямыз бақытты болады» деген оймен отбасын құрады. Дегенмен, қанша жерден тырысса да, олардың жолында белгілі бір қиындықтар кездеседі. Жай ғана олардың отбасындағы алған тәрбиесін алып көрейік. Екеуі де осы тәрбиенің негізінде өз отбасыларын құрғысы келеді. Яғни өздері көрген отбасы тәрбиесін бізге сай келеді деп ойлайды. Нәтижесінде екі жастың арасында түсінбеушілік орнайды. Сондықтан екі жұптың белгілі бір көзқарастары мен бір-біріне қояр талаптары, бақытты жанұя болудағы ережелері бір жерден шығуы тиіс.

1. Ең әуелі «отбасы» сөзінің мағынасын түсініп алыңыз. Отбасын құру – махаббатты мәңгі сақтап, сыйластықты күшейту деген сөз. Отбасын құрғанда тек өз мүддеңді ғана ойлауға болмайды, әрбір іс-әрекетті ойланып, сараптау қажет.

2. Бақытты отбасы селкеусіз сенімнен тұрады. Адалдық пен шыншылдықтың шаңырақта берік орын алуын қадағалаңыз. Себебі бақытты отбасы бұл екеуін негізге ала отырып бір-біріне көзсіз сенеді. Сонымен қатар бір-біріңізге ашық, еркін әңгіме айтудан қашпаңыздар.

3. Жұмыс пен қызметтің отбасынсыз құны жоқ. Егер жұмысыңыз отбасына көңіл бөлуге мұрша бермейтін болса, ыңғайлы жағын қарастыру қажет. Себебі жұмыс пен қызмет сізді кез келген уақытта керексіз етіп тастауы мүмкін, ал  отбасына әрқашан қажетсіз.

4. Сабыр және сыйластықпен өмір сүруге бейімделу қажет. Екеуі де сіздің отбасындағы тыныштық пен татулыққа, берекеге, қызмет жасайды. Тіпті келіспей қалған жағдайда ерінің әйелімен сауғаласып, әйелінің орынсыз сөздер айтуына шек қою қажет. Бірнеше сағат жеке қалу сіздің ашуыңызды баса түседі. Ал күйеудің мұндай сәтте достарына не ата-анасына барғаны дұрыс емес. Сонымен қатар, ішімдікті ауызға алу басты қателік.

5. Әйел өзінің орнын біліп, ерін өзінен жоғары қоюы керек.  Себебі күйеуіңізді "пірім" деп аялай отырып, сізді "асыл жарым" деп айтар жолға жетелейсіз. Тамағын дәмділеп беріп, жағдайын жасау арқылы, сізді "отбасымның берекесін кіргізіп отырған берекелі қосағым" деген ой қалыптастырасыз. Сырымен бөлісіп, мұңын тыңдау арқылы жан досына, ақыл айтар ақылшысына айналасыз.

6. Бақытты ерлі-зайыптылар бір-біріне көңіл бөледі. Әсіресе әйелдер қауымы өзіне ерекше көңіл бөлгенді, сыйлық алғанды жақсы көреді. Сол секілді жігіттер де сүйгенінен жылулықты, қамқорлықты қалайды. Бір-бірлеріңіздің жағдайларыңызды жасау арқылы, өмірлеріңіздің жандандыру ісін жасайсыздар.

7. Ортақ келісім мен ортақ шешім. Отбасы – қос жүректің одағы. Сондықтан кез келген мәселе мен қиындықта бірге ақылдасу мен бір-бірінің ойына құлақ асу, көзқарасымен санасу одақтың орнықты, орынды болуына алып келеді.

8. Сүйген адам кешірімді. Әйел мен ердің кішіпейілділігі мен мол түсінігі түсініспеушілік атаулының кез келгеніне төтеп бере алады. Сонымен қатар бақытты отбасыдағы ерлі-зайыптылар бір-бірінің кез келген қателіктерін кешіре алады. Отбасында түсіністік пен сенімді басты орынға қояды.

9. Жақсы отанасы болыңыз. Себебі, отбасында барлығы әйелдің қолында. Үй тірлігін міндетсімей, тау қопарып жатқандай жасамаңыз және күйеуіңізге тұрмыстық ауыртпалықты түсірмеңіз. Сонымен қатар үйдегі кеңістікті ұтымды үйлестіріңіз. Тәтті тағамыңыз бен таза үйіңіз, жылы қабағыңыз үйдің берекесін келтіреді.

10. Өзара түсінетін әзіл мен жеке мерекелеріңіз болсын. Отбасы – кішкентай ғана мемлекет. Сондықтан олардың өз ұраны, өз құпиясы, өз мерекелері (алғаш танысқан күн, үйленген күн, туған күн) және өздері ғана түсінетін қалжыңдары болуы тиіс. 

Н. Үсенова