Оқи отырыңыз

Бір қазақ ең кемі екі ақыл айтып кетеді. Өз қара бас сол екі ақылдың біреуін орындап жүрген болса, әлдеқашан адам болып кетер еді.

Автор: Ғабит Мүсірепов

— Редактор бағаны —

Массагетте пікір қалдыру мен блог жазу ережесі өзгерді
Массагетте пікір қалдыру мен блог жазу ережесі өзгерді

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Жұлдызды блогтар —

20 жасқа дейін...
20 жасқа дейін...

Автор: Томирис Есқали

Статус: Контент-менеджер

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Негізгі / Бойжеткен / Шаңырақ / Жас ата-анаға арналған қарапайым, бірақ маңызды кеңестер

Жас ата-анаға арналған қарапайым, бірақ маңызды кеңестер

Жас ата-анаға арналған қарапайым, бірақ маңызды кеңестер

Ата-ана болу – үлкен жауапкершілік. Балаға тәрбие бере отырып, өзіңіз де сабақ алып отырасыз. Әр ата-анаға қажетті қарапайым кеңестерді ұсынамыз.

1. Жүйелі болыңыз. Егер теледидарды күніне тек бір сағат көруге рұқсат болса, күнде солай болуын қадағалаңыз. Бүгін бір сағат, бірақ ертеңгісін 2-3 сағатқа қосып, тұрақсыздық танытпаңыз.

2. Әділ болыңыз. Жаза әрекетке сәйкес қолданылуы керек. Кездейсоқ сынған кесе – бір айға барлық әуесінен айыруға себеп емес.

3. Орындалмайтын уәде бермеңіз. «Енді сенімен ойнауға шықпаймын», «Теледидарды ешқашан қарамайсың», «Артынан мына ойыншықтардың бәрін алып беремін» деген секілді орындалмайтын уәделерді бере бермеңіз. Себебі, бала сөзіңіздің құны жоқ екенін түсініп, оларға мән бермейтін болады.

4. Баланы біреуге беріп қоямын деп қорқытпаңыз. Баланы мысалы, далада кетіп бара жатырған ағайға беріп жіберемін деп қорқытпаған жөн. Бала өзін керек емес және жалғыз сезінуі мүмкін.

5. Балаңызға үлгі болыңыз. Баладан сұрайтын ережені өзіңіз де орындаңыз. Егер балаға күніне екі кәмпиттен артық жеуге болмайды деп шарт қойсаңыз, өзіңіз оның көзінше өте көп жей бермеңіз. Егер қызыл бағдаршамға жүруге болмайды десеңіз, өзіңіз жол бос болған жағдайдың өзінде жүгіріп өтіп кетпеңіз. Бала сізге ұқсас болғысы келетінін және сізден үлгі алатынын ұмытпаңыз.

6. «Себебі, мен солай айттым» және «сен қаласаң қайтейін» сөздерін айтпаңыз.

7. Бастамасын мақтаңыз. Бір оқитын баланың қуырған жұмыртқасы күйіп кетсе де, ол сізді ренжіту үшін емес, жағымды нәрсе жасайын деп тырысқанын ойлаңыз. Алғыс айта біліңіз.

8. Баланы кемсітпеңіз. Үй – ренжітпейтін, қолдайтын, түсінетін және көмек беретін жер екенін бала біліп өсу керек.

9. Балаңызды жақсы көріңіз. Бала оны бірдеңе үшін емес, жай жақсы көретінін және бағалайтынын білуі керек. Ол қателессе де, сіз үшін ең керемет бала болып қалатынын іштей сезінуі тиіс.

Рейтинг: +2

Дайындаған: Ақтоты Жапатова
Фото: pixabay.com
Қосылған күні: 15 сәуір, 18:19
Пікірлер

Бұл жазбаға әлі пікір жазылған жоқ. Бірінші болып пікір білдіріңіз.

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.