- Негізгі бет
- Шаңырақ
- Шыбындар желді ұнатпайды...
Шыбындар желді ұнатпайды
Күннің көзі жылт етісімен шыбын-шіркей мен жәндіктердің қызу тіршілігі басталады. Қысымен жинаған астығын қорек еткен олар енді қайтадан өз ісін бастауға талпынады. Жер үйде тұратын адамдар құмырсқамен күрессе, ал көпқабатты пәтердегілер тарақаннан құтыла алмай әлекке түсіп жатады. Ендеше назарларыңызға жәндіктің көзін оңай жоюға болатын аздаған кеңестер ұсынамыз.
• Ең әуелі тарақан мен құмырсқа үйір болатын асүйіңізді таза ұстаңыз. Ас үйдегі жиһаздардың орнын ауыстырып, төсеніштерін желге қақтырып алыңыз.
• Терезеңіздің көзіне тор сетка немесе дәке қақтырыңыз. Кейбір үй бикелері сән болады деп жіңішке қағаздарды қояды. Ол біріншіден үйге ауа өткізбейді, екіншіден жарық түсірмейді.
• Терезенің алдына ағаш ыдысқа отырғызылған гүл қойыңыз. Бұл ыдыс – шыбындардың қас жауы. Оны иісі шыбындарға жақпайды.
• Терезе мен еденді жуатын суға аздап керосин тамшысын қосыңыз.
• Мүсәтір спирті мен ас содасын қосып араластырыңыз. Араласпадан жарты шай қасығын алып, кеседегі суға қосасыз да барлық жерді сүртіп шығасыз. Мұның иісі масаның мазасын алады.
• Қызып тұрған табаға камфарадан (медицинада, техникада қолданылатын иісті зат) аздап шашыңыз. Оның иісі адамға қауіпті болмайды, алайда иіс арқылы шыбыннан біржолата құтыласыз.
• Ашық жерде немесе маса көп жерде қалып қойсаңыз, онда әніс майын денеңіздің ашық жерлеріне жағып алыңыз. Оның иісінен маса да, шыбын да сіздің жаныңызға жақындай алмайды.
• Шыбындар желді ұната бермейді. Сондықтан бөлмелерді жиі-жиі желдетіп тұрыңыз.
Н. Үсенова