Жақсы ана болудың 30 ережесі

Жақсы ана болудың 30 ережесі
Фото: Ана тілі

Әрбір әйел жақсы отана, адал жар, ең бастысы тамаша ана болғысы келеді. Бірақ күнделікті қарабайыр тірлікпен біз кез келген әйелді нағыз ана деген атқа лайық ететін қарапайым нәрселерді ұмыт қалдырып жатамыз.

Біз балаларымызға оларды жақсы көретінімізді айтып, жай құшақтауға да уақыт таппай жатамыз. Қалай дегенмен де, біздің жиі алаңдайтын қымбат репетиторлар, жекеменшік мектептер мен бағалы материалдық игіліктер ана мен бала арасындағы байланысты нығайта алмас. Ара-тұра сәбиге әр нәрсені үйретіп, ақыл айта бергеннен гөрі, қасында жай ғана мейірімді әрі жанашыр ана болудың маңызы көп.

Жақсы ана болу үшін, күнделікті орындалуға тиіс шарттар:

1. Балаға «Мен сені жақсы көремін» деп жиі айту керек. Бұл сөздің артықтығы болмайды.

2. Балаға оны құшақтаған сізге ерекше әсер беретінін және ересек адамның да көптеген проблемаларын шешуге көмектесетінін көрсету керек. Сіз қиналып отырғанда, кішкентайыңызға «Келші, мені құшақташы» деп айтсаңыз жеткілікті.

3. Балалармен кешкі ас ішіп отырғанда, күнді қалай өткізгені, қандай қызықты жағдайлар болғаны туралы міндетті түрде сұрау керек.

4. Кейде баланы басқа адамдардың көзінше мақтау да маңызды, балаға мұндай сәттер аса қажет.

5. Балаларға мақтау сөз айта отырып, осы арқылы баланың басқа адамдарға да өзінің ризашылығын білдіру әдістерін көрсету керек.

6. Мүмкіндік бола қалса болды  - баланы сүйіп, құшақтаңыз.

7. Баланы күлуге үйретіңіз. Сондай-ақ ол өзіне де күле білуі керек. Күлкі көптеген қиын жағдайлардан шығуға көмектеседі.

8. Баланы өзінің іс-әрекеттерін жүрегіне жақын ала бермеуге үйрету керек. Барлық адам қателікке ұрынады, бірақ өз кемшілігін жеңіл қабылдап, кейде тіпті қызық жағдайға айналдырып жіберу екінің бірінің қолынан келмейді. Алайда бұл аса маңызды.

9.   Балаға «Рахмет!» деген сөзді жиі айту керек. Осылайша, біз оны адамдарға ризашылығын білдіре алатын, рахмет айта алатын, кеңпейіл адам болып өсуге үйретеміз.

10. Бәрін кешіре білу керек. Бұл балаға ғана қатысты емес. Мұны балаға да үйреткен дұрыс. Оған қатігездік адамды іштей қинайтынын түсіндірген абзал.

11. Балаңызға арнайы күн арнаңыз. Екеуіңіз бірге оңаша өткізген уақыттар ерекше есте қалады. Екеуіңіздің араңыздағы байланысты нығайтады.

12. Баланың өзінің шынайылығын көрсетуге тыйым салуға болмайды, тіпті оның көңіл-күйі немесе іс-әрекеті сіздің түсінігіңізге қайшы келсе де, оған тыйым салмаңыз.  

13. Баланың таңы, яғни, ұйқыдан тұрған сәті күлкіден, сүюден басталуы керек. Тек «Кешігіп барамыз!» деген асығыс айқайдан сақ болыңыз!

14. Балаңыз не айтқысы келсе де, бұған әлемдегі ең маңызды әңгіме сияқты назар аударыңыз.

15. Сіздің отбасыңызға қатысты жәйттарға қатысты баланың көзқарасын білуге тырысыңыз. Оның пікірі де ескерілетінін сезінуі керек.

16. Балаға күрделі істерді жүктеуге қорықпаңыз. Қателессе, қателессін, бірақ оның не екенін енді біледі. Өмірінде қажет болуы мүмкін.

17. Балалардан көмек сұрауға болады және сұрау қажет.

18. Қателікті мойындай білу керек. Сіздің өз кемшіліктеріңізді мойындауыңыз, баланы өз қателіктеріне жеңіл қарауға үйретеді. Бала өзі ғана қателеспейтінін түсінеді.

19. Сізге балабақшадағы досының есімі, ойыншықтың аты сияқты балаңызға қатысты ұсақ-түйектің барлығы маңызды болуы қажет.

20. Балаңызға ұнайтын, тартымды әрі жағымды еркелететін лақап ат ойлап табыңыз.

21. Кейде ертегінің орнына өз өміріңізден қандай да бір оқиғаны айтып беріңіз. Мұның барлығы оны сізбен ғана емес, жалпы отбасымен жақындата түседі.

22. Кейде музыка қосып, бірге билеңіздер. Мұндай сәттер ең тамаша кездер десе болады. Отбасыңыз ғана түсінетін құпия пароль немесе құпия сөздер ойлап табуға болады.

23. Кейде баланың босаңсуына мүмкіндік беру керек: шұлығы мен киімдерін бөлмеге лақтырып, өзіне бояу жақса да, балаға біраз еркіндік беріңіз. Үй жиналады, ал баланың сол кездегі қуанышы есте қалады. Бірақ әр нәрсенің шегі бар. Бастысы – артық кетпеу.

24. Анда-санда болса да, балаға кейде тәртіп бұзуға мүмкіндік беру керек: кешке дейін теледидар көрсін, анда-санда мектепке бармасын. Осындай сирек берілетін мүмкіндіктер бала үшін үлкен мереке.

25. Сіз өзіңіздің кемшілігіңізді түсінсеңіз, кешірім сұраңыз. Бұл өте маңызды.

26. Балаға өздігінен шешім қабылдауына мүмкіндік беріңіз.

27. Егер балаға бірдеңе уәде берсеңіз, оны міндетті түрде орындау керек. Я болмаса, уәде беруді қойыңыз.

28. Бала ән айтса, оған қосылып әндету керек.

29. Балаға оның әкесі әлемдегі ең мейірімді әрі ең керемет әке екенін айтып отыруды ұмытпаңыз.

30. Балаңыздың сізге жасаған әрбір сыйлығын, құттықтауларын сақтап қойыңыз. Ара-тұра бірге қарап, еске алып тұрған да маңызды.

Дереккөз: anabol.kz

Ө. Сансызбай