- Негізгі бет
- Шаңырақ
- Бөлме гүлдерін күту:...
Бөлме гүлдерін күту: бегония
Бөлме өсімдігіне жататын бегония гүлі алғаш гүл өсіріп бастағандарға да қиындық туғызбайды. Себебі оған айтарлықтай көп күтім қажет емес, әйтсе де, оның ерекшелігі жыл он екі ай бойы гүлдеп, сұлулығымен сізді қуантып тұрады.
Ол алғаш 1687 жылы табылды. Антиль аралдарында Мишель Бегон ғылыми экспедиция жасады, сол зерттеуге қатысу барысында Шарль Плюмье осы гүлді тауып, Бегон құрметіне осы атауды берді.
Қазір бұл гүлдің 2000-нан астам түрі бар. Барлық түрі 3 топқа бөлінеді:
– түйнекті бегония (түйнек арқылы көбейтіледі);
– жапырақты бегония (қалың тамыры арқылы көбейеді);
– бұталы бегония (жоғарғы тармағы және тұқымы арқылы көбейтіледі).
Бегония – жылу сүйгіш өсімдік, оны +15+20°С температурасында ұстаған дұрыс, қысқы мезгілде де +15°С температурадан төмен болмауы керек. Бірақ жылытқыштың, батареяның алдына қоюдың қажеті жоқ.
Жақсы жарықтанған жерге орналастырыңыз, бірақ күн көзі тіке түспейтіндей болсын, себебі жаз мезгілдерінде ол жа күнге күйіп, гүлдері қарайып кетуі ықтимал.
Бегонияны қысы-жазы үздіксіз суару керек. Суарған кезде жапырағына су тимеуін қадағалаңыз, әйтпесе қара дақтар пайда болады.
Бегония отбасында сүйіспеншілік пен татулықтың символы бола алады. Мұны көбінесе қарттар мен аурушаң адамдардың бөлмесіне де қояды. Зиянды заттарды жояды, депрессиямен күресуге көмегі бар.
@. @assel_assanova