Бақытты жұп болу үшін сәттіліктің керегі жоқ. Бақытты болу тынбай жұмыстануды талап етеді. Арадағы қарым-қатынас нығая түссін десеңіз, мына әрекеттерден өзіңізді аулақ ұстаңыз.

1. Арадағы қиындықты өзгеге айтып шағымдану.

Әсіресе, туысқандарыңыз, соның ішінде ата-анаңызға айтпағаныңыз жөн. Өйткені, сіз бір күні ол реніштерді ұмытасыз. Ал, ата-анаңыз есінен шығармайды. Ал, достарыңыз қаншалықты сырды сақтай алады?

2. Салыстыру.

Бір-біріңізді салыстырмай сүйіңіздер. Егер кемшілікті байқап жатсаңыздар, онымен күресудің жолын іздеңіздер. Егер өзге жұппен өздеріңізді жиі салыстыратын болсаңыздар, қарым-қатынастарыңыз ұзаққа бармайды. Әсіресе, «мынаны қарашы, жұртта бар, бізде жоқ» секілді сөздерді ер адамның жаны сүймейді.

3. Сынау.

Әр нәрсенің екі жағы болады: жақсылығы мен жамандығы. Бақытты жұп болу үшін сынауды бүгіннен бастап доғарыңыз. Сынаған сайын адамдар бір-бірінен алшақтай бастайды.

4. Ақша тақырыбынан қашқақтау.

Күлкілі көрінері сөзсіз, бірақ көп жағдайда ақша әсерінен туындаған мәселелер шаңырақты ортасына түсіріп жатады. Ақшамен сіздің бар қажеттілігіңіз өтелетіндіктен бұл тақырыпты кейінге ығыстырудың қажеті жоқ. Ашық сөйлесіңіз.

5. Шектен шығу.

Бір-біріңізбен сыр алмасқаныңыз дұрыс. Бірақ, кейде бәрін ашылып айтамын деп, шектен шығып кететін сәттер болады. Әсіресе, эмоциясын еркін жеткізу барысында түсініспеушіліктер туады.

6. Ұсақ-түйекке шүйлігу.

Ұсақ-түйектің бәрін үлкен әңгімеге айналдырар болсаңыз, жарыңыз сізден безе бастайды. Сондықтан қандай жағдай болмасын, жамандығын жасырып, жақсылығын асыруға тырысыңыз.

Қашанда сабыр сақтап, қиындықты ақылмен шешкендеріңіз жөн. Бақытты болыңыздар!