- Негізгі бет
- Шаңырақ
- Тойда ойналатын ойындар...
Тойда ойналатын ойындар
Тойдың жақсы өтуі 90 пайыз асабаға байланысты. Сондықтан оны таңдауға қанша уақыт болса да жұмсауға болады. Той дайындығына кіріскенде ең алдымен осы шаруаны бітіріңіз. Ал асабаға көмектесіп, тойды одан да қызықты өткізу той иелерінің, ұйымдастырушылардың мойнында. Тамада назарына мына ойындарды ұсынып көріңіз.
Ойынға бес қыз, бес жігіт қатысады. Қыздардың артына скотчпен үрілген шар жапсырылады. Ал жігіттердің қолына кішкене жебе беріледі. Әуен қосып қойып, қыздар билеп жүріп мейрамхананы айнала қашады, жігіттер өзімен жұп болып шыққан қыздың ізінен қуып, жеткен кезде қолындағы жебешесімен шарды жару керек.
* * *
Он алты жігіт ойынға шақырылады. Ортаға екі 1 литрлік Coca cola сусыны қойылады. Осы сусынның басын қолымен тіреп, баклажкаларды құлатып алмай, он алты рет жерден денесін көтеру (отжимание) керек. Бұл көп жігіттің қолынан келе бермейді. Он алты жігіт кезектесіп бағын сынайды, он алты рет денесін көтеруге шамасы жеткен жігіт жеңімпаз болады.
* * *
Крокодилдің көлемді түрі. Ойынға бірнеше адам шығады. Оларға барлығы танитын тұлға аты айтылады. Ол атақты жұлдыз не той иелері, тойшыл қауымның барлығы танитын адам болуы тиіс. Осы берілген адамның ерекшеліктерін ескеріп, оны іс-қимылмен көрсетіп танытуы керек. Жақсы сомдаған адам мен тапқан адамға сыйлық беріледі.
* * *
Ойынға бес жігіт шығады. Бесеуіне асаба тапсырма береді. Алдымен алма сұрайды. Жігіттер жан-жаққа жүгіріп, алманы бірінші болып жеткізуі керек. Одан соң шанышқы, қағаз майлық (салфетка) сұрайды. Соңында әйел адамның бір туфлиін алып келіңдер дейді. Бес жігіт те туфлиді ортаға әкелген соң, жалғыз туфлимен қалған осы аяқ киімнің иесін ортаға көтеріп алып шығыңдар деген тапсырма беріледі. Қыздарды құлатып алмай, аман-сау ортаға көтеріп алып шыққан жігіттер сыйлықтармен марапатталады.
* * *
Төрт жігіт ортаға шақырылады. Ойынның шарты жігіттер шыққан соң айтылады. Төртеуіне бір-бірден қыздардың капрон колготкісі беріледі. Осыны белгіленген уақытты киюі керек. жыртылып қалса, екінші капрон беріледі, екі ғана мүмкіндік бар. Жыртпай, бүлдірмей, бірінші болып киген жан жеңімпаз атанады. Олар қыздардың жағдайын түсінеді, ал көріп отырған тойшыл қауымға қызықты болады.
@. @assel_assanova