Ата-анаға ең керекті кеңестер

Ата-анаға ең керекті кеңестер
Фото: fotoidea.kz

Балаңызды жұрттың көзінше тек жақсы жақтарын айтыңыз, елдің алдында жерден алып, жерге салып жату ең басты қателік. Кемшілігін айтып, ұрсуды оңаша қалар кезге қалдырыңыз. 

Баланы кінәлап, жазалағанда сөздеріңіз оның жеке басына қатысты емес, іс-әрекетіне ғана бағытталсын.

Балаға бүкіл отбасы болып «жабылуға» болмайды, яғни біреу жазғырғанда, жақтайтын екінші адам табылуы тиіс. Әйтпесе «мені ешкім жақсы көрмейді» деген ой мен өзіне қол жұмсағысы келетін әрекеттер туады.

Ал егер әкесі ұрсып жатса, бірер минут сабыр сақтап, үнсіз қалған дұрыс. Ал бірі жекіп, екіншісі еркелетіп жатса, тәрбиенің мәні болмайды.

Отбасыңызға қатысты сұрақтарды балаңызбен де ақылдасып шешуді естен шығармаңыз. Түскі асқа не пісірейін, демалысты қалай өткізгенімізді қалайсың, үйге қай жиһазды сатып алайық деген сөздер оның өзіне деген сенімділігін арттырады.

Отбасында тең құқылы әңгімелесу дәстүрін қалыптастырыңыз. Шешім қабылдар кезде оның пікірін сұраған сәтте ол қандай күй кешетінін сұраңыз.

Балаларыңызға оны қалай жақсы көретініңізді айтудан жалықпаңыз.

Балаңызбен тығыз қарым-қатынас орнатып, оның әр қадамынан хабардар боып отыруды бірінші кезекке қойыңыз.

Оның шынайы жетістіктері туралы сөйлесіп, шыңға шыққанда қандай сезімде болғанын тілге тиек етіңіздер.

Әр кішігірім ісі үшін мақтап отырыңыз және ол шын жүректен шықсын, не үшін мақтағаныңызды бала білсін. Оған «ақылды бала», «тәртіпті қыз», «өнерлі балапан», «тапқыр балақай» деген секілді атаулар беріңіз.

Егер ол сізге қабақ түйіп, өкпелеп қалса, кешірім сұраудан именбеңіз. Одан баланың сізге деген құрметі арта түспесе, кемімейді.

Бала ақшаны санап, жұмсап, ұнемдеп, саудадан ләззат алып, отбасының бюджетіне құрметпен қарап білуі тиіс. Табыс табуға маңдай терін төккендерді қадірлеуді де естен шығармағаны жөн. Сонда ғана өзі де өскенде ақша тауып, отбасын асырауда қиналмайды.

@. @assel_assanova