Бала шақтан болашаққа...

Бала шақтан болашаққа...
Фото: EverydayMe

Балаңыздың жасөспірім шаққа аяқ басқанын бойындағы қасиеттердің өзгерісі анық көрсетеді. Егер балаңыздан мына қасиеттерді байқасаңыз, оның жанын жаралап алудан аулақ болыңыз:

– Балаңыз сізден ұяла бастайды.
– Балаңыз тұйықталып, көп сыр айтпайтын болады.
– Сізбен сөзге келіп, әділетсіздік таныттыңыз деп жиі айта бастайды.
– Туған-туыстарыңыздың өтінішіне құлақ аспайды.
Сабаққа көңіл бөлуді қояды.
– Күйзеліске жиі түседі.
– Ұмытшақтық пен ісіне деген салғырттық анық көріне бастайды.
– Бөлмедегі тазалыққа мән бермейді.
– Үйдегі міндеттерін назарына алмайды.
– Өзінің жеке өміріне құрметпен қарауын талап етеді.
– Белгілі бір нәрсеге тез қызығушылық танытып, тез жалығады.
– Достарымен өткізген уақытты бағалай бастайды.
– Еркіндікті қалайды.
– Өз-өзіне деген сыни көзқарастың қалыптасуы мүмкін.
– Жастар арасында пір тұтатын адам пайда болады.
– Жиі өзін көңілсіз сезінеді.
– Құрдастары арасында жағымсыз қарым-қатынас орнауы мүмкін.
– Кеш ұйықтайды.
– Әлеуметтік желіде уақытын жиі өткізеді.
– Ата-ананың қамқорлығын парыз ретінде қабылдайды.

Жасөспірімдік шақ – ата-ана үшін ең қиын шақ. Бала мен ата-ана арасында шекараның пайда болатын сәті де – осы шақ. Баланың бойындағы кез келген өзгеріске сын айтып, оны дұрыс тәрбиелеймін деген ойдан арылғаныңыз жөн. Еркелетіп, жаныңызда мәңгі ұстаймын деген ой араларыңызға сызат түсіреді. Одан да, балаларыңызға еркіндік сыйлап, өмірге нық қадам басуына мүмкіндік беріңіз.

Т. Есқали