Ең ауқатты жұбайлар рейтингі

Ең ауқатты жұбайлар рейтингі

Қазіргі нарық заманында қазақ жастары тек рухани тұрғыдан ғана емес, сондай-ақ, материалдық тұрғыдан да жетілуді мақсат етеді. Қарқынды даму мен жаһандану үздіксіз орын алып жатқан әлемде қаржылай тұрақтылықсыз өмір сүру расымен де қиын. Әсіресе, өмірлік сыңарын тауып, жаңа отбасылық өмірге қадам басқан жас жұбайлар бірлесе күш жұмылдыра отырып үй болуды қолға алады.

Үлкен қаржылай жетістікке жеткен белгілі тұлғалардың бірі: “Дегеніңе тез жеткің келсе, жалғыз бар. Сол шыңда ұзақ тұрақтағың келсе, қосағыңмен бірге бар” – деген екен. Әдетте ауқатты адамды жалғыз елестетуге дағдаланып қалған біздер үшін рухани және материалды мақсаттарға бірге жеткен жұбайлардың да бар екендігі - тансық құбылыс.

Дегенмен, жақында жасалған Топ-10 ауқатты жұбайлар рейтингіне көз жүгірсек, ақпараттың рас екендігіне кәміл сенімді боласыз.

 

1. Эрнесто мен Кирсти Бертарелли (Swiss Pharmaceuticals иесі мен әнші) — £ 11,5 миллиард.

2. Шарлен де Карвальо-Хайнекен мен Майкл де Карвальо (Heineken империясының мұрагері мен қаржыгер) — £ 9,3 миллиард.

3. Алехандро Санто-Доминго мен Шарлотта Уэлсли (қаржыгер мен 9-шы Веллингтон герцогының қызы) — £ 3,8 миллиард.

4. Франсуа-Анри Пино мен Сальма Хайек (Kering президенті мен актриса) — £ 3,4 миллиард.

5. Сэр Филип пен леди Грин (Arcadia Group төрағасы мен Taveta Investments акционері) — £ 2,7 миллиард.

6. Сэр Майкл Мориц пен Харриет Хейман (кәсіпкер мен әнші) — £ 2,6 миллиард.

7. Крис пен Сара Доусон (кәсіпкерлер) — £ 1,9 миллиард.

8. Дуглас пен Мэри Перкинс (Specsavers Оpticians негізін қалаушылар) — £ 1,6 миллиард.

9. Поджу мен Анита Заблудович (өнер бұйымдарын жинақтаушылар) — £ 1,5 миллиард.

10. Георг пен Эмили фон Опель (Opel иегерлері) — £ 1,4 миллиард.

А. Оралқызы