Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Бойжеткен / Шаңырақ / Бала тәрбиесі: сіздің қателігіңіз

Бала тәрбиесі: сіздің қателігіңіз

Бала тәрбиесі: сіздің қателігіңіз

Ата-ананың ұстанымы баланың мінез-құлқы қалыптасуына тікелей әсер етеді. Ата-ананың балаға деген, бір-біріне деген қарым-қатынасы міндетті түрде баланың бойынан көрініс табады. Қалай дейсіз бе? Ендеше, тізбектеп көрелік...

Бірінші, өктемдікпен сөйлейтін ата-аналардың балалары көбінесе мойынсұнғыш, көнбіс болып өседі.

Екінші, шектен тыс алаңдағыш ата-аналардың балалары көбіне аңқау, ырықсыз, қорқақ мінезді болып өседі.

Үшінші, қорғаштағыш ата-аналардың балалары қоғамдық қарым-қатынасқа шорқақ, ұстамды, орнықты болады.

Төртінші, баласын әлпештеп отыратын ата-аналардың балалары жүгенсіз, қарсылық көрсеткіш, ашушаң мінезді болып өседі.

Бесінші, ырқына көнгіш ата-аналардың балалары жауапкершіліксіз, тәртіпсіз, соқтыққыш, қырсық болып өседі.

Алтыншы, бала тәрбиесіне елеусіз қарайтын ата-аналардың балалары рақымсыз, тұрақсыз болады.

Жетінші, бәрінен қолын қаға беретін ата-аналардың балалары ашушаң, теріс азу, суық бауыр болады.

Сегізінші, қатігез ата-ананың ұрпағы қайырымсыз, еркін мінезді болып өседі.

Тоғызыншы, үнемі тәуелсіз көзқараспен жүріп-тұратын, өзіндік ұстанымдары бар үлкендер тәрбиелеген бала еркін, ақкөңіл, қайырымды, ықыласты, қоғамдық байланысқа шебер болады.

Оныншы, бәрін өз дегенімен жасатқысы келіп, дара билеуді ойлайтын үлкендері бар үйде өскен бала иек сүйегіш, кербақпа, тұрақсыз, менмендігі күшті болып өседі.

Сондықтан, баланың тамаша мінезі мен ақылды санасын жетілдіру үшін, ата-ана да өзін-өзі тәрбиелеп отыруы керек. Күнделікті отбасылық өмірде тамаша жүріс-тұрыс та, көңіл-күй де балаға әсер етеді.

1
Рейтинг: +0

Фото: babyprint.kz
Қосылған күні: 20 қазан 2016, 23:51

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.