Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Экс-бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Бойжеткен / Шаңырақ / Бөлме гүлдерінің күтімі: Фикус

Бөлме гүлдерінің күтімі: Фикус

Бөлме гүлдерінің күтімі: Фикус

Фикус кең таралған және гүл өсірушілердің сүйікті гүлдерінің бірі. Оның себебі әдемілігінде және күтімнің жеңілдігінде.

Фикустың түрлері

Үй жағдайында фикустың көптеген түрі өсіріледі. Олардың сыртқы түрлерінде ерекшелік бар. Үйде және кеңседе фикустың мына түрлерін жиі кездестіруге болады: сағызды (каучуконосный), Бенджамин, лира тәрізді және тырбиған фикус. Олардың сыртқы келбеттері бір-бірлеріне ұқсамағанмен, оларға күтімді бірдей жасайды.  

Кез келген бөлме гүлдерін үй жағдайында өсіруде жарық, ауа ылғалдылығы, температура, суару және тыңайту маңызды рөл атқарады.

Жарық

Фикусты жарық жақсы түсетін жерге орналастыру қажет. Фикус өзін жақсы сезіну үшін ең маңызды шарт  жарықтың молдығы. Жапырақтары қою жасыл фикустар ала жапырақты фикустарға қарағанда көлеңкені жақсы көріп, күн сәулесінің тіке түсуін қаламайды. Фикустың ала жапырақты түрлерін ыстық жаз мезгілінде күннің астына қоюға болады. Қысты күндері фикустерге қосымша жарық қажет. Суық кездері фикустың жапырақтары түсе бастаса, оның басты себебі — жарық жетіспеуі. Фикустың белсенді өсу кезінде жарыққа қарай оның әр жағын кезектестіріп бұрып қою керек.

Ауа ылғалдығы

Фикус жоғары ауа ылғалдығын жақсы көреді. Бұл шарт фикус үшін міндетті емес, сондықтан оған уақытылы су шашып тұрсаңыз болды. Фикустың көпшілігі жапырағы үлкен болғандықтан, шаң жинағыш болады. Соның себебінен, ол дұрыс қоректене алмайды және әдемі көрінбейді. Сондықтан, фикустың жапырақтарын ылғал дәкемен уақытылы сүртіп тұрыңыз.

Температура

Фикус — жылуды сүйетін өсімдік. Ол үшін жайлы температура жазда 25-30 °C құраса, қыста 16-20 °C тең. Минимум температура — 10-15 °C. Фикусқа жел соқпағаны және топырағының салқындап кетпегені жөн. Оны суық еденге қоймаңыз.

Суару

Дұрыс суару — фикусты күтудегі маңызды шарттардың бірі. Жазда фикусты молырақ, ал қыста орташа суару қажет. Фикустың топырағы суару арасында құрғауы керек, бірақ оның толықтай кеуіп кетпеуін қадағалаңыз.

Тыңайту

Фикусты белсенді өсу кезінде, яғни наурыз айынан қыркүйек айына дейін тыңайту керек. Оны екі аптада бір рет тыңайтыңыз. Тыңайтқыштың құрамында жасыл массаның өсуіне жағдай жасайтын азот құрауышы бар түрін алыңыз.

Көбейту

Фикус сабақ арқылы жеңіл көбейе алады. Тамырландыру үшін кішігірім тармақты алыңыз немесе бір жапырағы бар кіші сабақ бола береді. Содан соң оны суы бар ыдысқа салыңыз. Тамыры шыққан соң, ыдысқа отырғызуға болады.

Дайындаған: Ақтоты Жапатова
Фото: makia.la
Қосылған күні: 06 маусым 2016, 16:38

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.