Бөлме гүлдерінің күтімі: Драцена #2

Бөлме гүлдерінің күтімі: Драцена #2

Үйде пальма өсіру — әрбір гүлбаптаушы армандарының бірі. Мұндай өсімдік табиғаты керемет тропикалық мемлекеттерді еске түсіреді. Пәтеріңізге «драцена» атты бөлме гүлін әкеліңіз. Ол шағын пальмаға өте ұқсайды, сондықтан адамдарға жағымды атмосфера сыйлайды.

Басы

Үй жағдайында драценаға күтім жасау

Бұл тропикалық өсімдікті көктемнен бастап жаз мезгілі аяқталғанға дейін көптеп суару керек. Алайда топырақ жеткілікті ылғал болса, толық құрғағаннан кейін суарыңыз. Қыс мезгілінде суаруды азайтасыз. Топырақ аздап ылғал болып тұрса жеткілікті. Тыңайтуды өсу кезінде, яғни наурыз айынан бастап жаздың соңына дейінгі уақытта жасау керек. Кез келген кешенді тыңайту 10-14 күн сайын жасалады. Қыста да тыңайтуды жасауға болады, бірақ айына бір рет жасаудың өзі жеткілікті. Егер ыдысы тар болып бара жатса, үлкен драценаны басқа ыдысқа бірнеше жылда бір рет қана көшіру керек. Жас драценалар жыл сайын топырақ пен ыдысты ауыстыруды қажет етеді. Жапырағынан айырылған сабақтар көріне бастағанда оларды қиып тастайды.

Драценаны өсірудегі қиындықтар

Драцена көнбіс өсімдік болса да, оның иелері кей жағдайда түрлі қиындықтарға тап болады. Бұл өсімдік түрлі жәндіктердің шабуылына ұшырайды. Олар: өсімдік биті, торлы кене, біте, сымыр. Драценаны мөлшерден тыс суарсаңыз шіриді. Егер су жетіспесе, жапырақтарының ұштары қоңырланып кетеді. Төмен ауа ылғалдылығы және жел соғу кезінде де драцена өліп қалуы мүмкін. Егер драцена сарғая бастаса, оның топырағына қорек жетіспейді. Драценаның тек төменгі жапырақтары сарғайса, онда кей сабақтарын кесу керек. Жапырақтары иіле бастаса, бөлмедегі температура түсіп кеткені себеп болуы мүмкін. Драценаға жарық тіке түссе, оның жапырақтарында құрғақ дақтар пайда бола бастайды.

Драценаға дұрыс күтім жасай білсеңіз, ол сізді мәңгі жасыл жапырақтарымен қуантады. 

Бөлісу:
Пікір қалдыру үшін сайтқа кіріңіз
Өзгерту

Соңғы жаңалықтар

Медицина – көмек емес, қызмет. ER-BATYR жобасында дәрігер Киреев
Медицина – көмек емес, қызмет. ER-BATYR жобасында дәрігер Киреев
Golden Boy президенті Головкин – "Канело" ІІІ жекпе-жегінің өтетін уақытын айтты
Golden Boy президенті Головкин – "Канело" ІІІ жекпе-жегінің өтетін уақытын айтты
Қысқы дөңгелекті қалай таңдаған жөн
Қысқы дөңгелекті қалай таңдаған жөн
Алакөл суының емдік қасиеті
Алакөл суының емдік қасиеті
Том Сойер немесе Изумруд қаласының сиқыршысы: қазіргі балалар қандай кітап оқиды?
Том Сойер немесе Изумруд қаласының сиқыршысы: қазіргі балалар қандай кітап оқиды?
Дүйсенәлі Әлімақын: "Қайтқан құстар ғазал айтты төбемде"
Дүйсенәлі Әлімақын: "Қайтқан құстар ғазал айтты төбемде"