Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Экс-бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Бойжеткен / Шаңырақ / Бала тәрбиесі: Қалжыңдау әсері

Бала тәрбиесі: Қалжыңдау әсері

Бала тәрбиесі: Қалжыңдау әсері

Қашаннан қазақтың қалжыңы қалған ба? Әрине, «бұра сөз күлкіге жақсы» деп, бәріміз де қисыны келсін-келмесін қалжыңдаса кетуге даяр тұратынымыз рас қой. Қалжыңға сүйеп тілінің уын төгіп, жақтырмаған адамын әзілмен түйреп құлататындар  да аз емес. Қалжыңға қаражаяу қазақ некен-саяқ шығар.

Бір қызығы, зерттеушілер  тұжырымынша осы қалжыңды көп адамдар ішінен жақтыра бермейді екен. Тіпті, қаршадайынан бірге өскен құрдасы қалжыңдаса да сырт көзге сыр білдірмегенімен, ұнатпағанын ашып айта алмай іштен тынады екен. Ал, шымбайға батар зілдей әзілдер жиі айтыла берсе, қандай керемет татулыққа да сызат түсе бермек көрінеді.

Қалжың дегеніңіз ересек адамдар  арасында осындай қолайсыздық тудырса, оынң жас балаларға әсері қандай болмақ? Осы саланы терең зерттеген мамандар жас бала 7-8 жасқа дейін қалжың сөзді мүлде түсіне алмайды дейді. Біздің халыққа тән бір орынсыз әдет, үлкендер баланы алдап, өздерінің сәбиді алдағандарына мәз болып күлетіні. Бала психологиясына ең кері әсерін тигізетін осындай жағдайлар екен.

Бала психологиясына   ол түсінбеген сөз де, әрекет те қатты әсер қалдырады. Егер оған түсінбейтін қалжыңдар айтылып, айналасындағылар ду күлсе қалжыңды түсінбеген бала мұны өзгелердің өзін мазақтауы деп қабылдайды. Содан жас балада өзгелерге деген сенімсіздік, іштей кектесудің қалыптасып кетуі мүмкін. Оңашаланып, томаға-тұйық күйге түсуіне де көбіне-көп осы орынсыз қалжыңдар себеп болады екен.

Сондықтан, балаға бала екен деп орынсыз қалжың айтудан сақтанған жөн. Тіпті, өзі түсінбеген қалжыңды көпшілік бала  кек тұтып қалатыны да анықталған. Мысалы, жаңа сатып әперген аяқ киімін жоғалтқан сегіз жасар ұлына әкесі қағытпа қалжыңды қаттырақ айтыпты. Содан әлгі сөзді бала ұзақ жыл жадынан шығармаған. Кейін әкесінің өзі аяқ киімін ұрлатқанда «Өзіңе де сол керек» деп, кегі қайтқандай қуанған көрінеді. Мұндай жағдайларды зерттеушілер өте жиі жолықтырыпты.

Әрине, одан балаға мүлде әзіл айтуға болмайды деген тұжырым шықпаса керек. Бірақ, балаңыз қалжың түсінер шамаға жеткенше  өзіңіз де келемеждемей, өзгелердің де оған ауыр қалжың айтуына жол бермеңіз. Ал, ес тоқтатқан соң айтылмай қоймайтын қазақы қалжыңның жөні бөлек қой…

Төлеген Жәкітайұлы,
namys.kz

Дайындаған: Әсел Асанова
Фото: Жазира Жомартова
Қосылған күні: 07 мамыр 2016, 23:32

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.