- Негізгі бет
- Шаңырақ
- Балаларға қатал қарау...
Балаларға қатал қарау семіздікке алып келеді
Фото:
voxpopuli.kz
АҚШ-тың Айова штатындағы Мемлекеттік университет мамандары балаларға қатал қарау олардың семіздікке шалдығуына алып келетінін анықтады.
Мұндай тұжырымды жасамас бұрын ғалымдар 451 отбасындағы ата-анасының балалармен қарым-қатынасы түсірілген бейнежазбасын зерттейді. Мамандар әке-шешесінің балаға көзқарасын анықтап алып, кейін баланың денсаулық жағдайын бақылауға алады. Белгілі болғандай, ата-анасы қатал қараған отбасының балалары семіздікке душар болған. Тіпті туған үйінен бөлек шыққанның өзінде ол артық салмақтан арыла алмаған. Осыған байланысты мамандар баланың дені сау болуы үшін тым қатал болмауға кеңес береді.
Дереккөз: inform.kz
Е. Жұмабайұлы