Жоғары санатты гинеколог дәрігер, медицина ғылымдарының кандидаты:
Құрсақтағы сәбиді УДЗ (УЗИ) арқылы анықтау жүктіліктің 15-16 аптасында жүзеге асады. Яғни тәжірибелі УДЗ дәрігері жобалап баланың жынысын анықтай алады. Баланың бейнесі көріне бастаған уақытта және де толғақ алдында да тексеріледі. Бала жынысын анықтаудың тағы бір оңтайлы тәсілі бар. Егер ата-ана баланың жынысын ертерек білгісі келген жағдайда биопсия хорион әдісін қолдануға болады. Хорион дегеніміз болашақ ұрық, яки жүктілік мерзімінің 8-9 аптасында, 12 аптаға дейін УДЗ бақылаумыен ұрық жолдасты кішкентай арнайы қысқышпен алады. Содан барып генетик маман хромосома жиынтығын, хромосома құрамын, өзгерістер, ауытқуларды анықтай отырып, ХХ хромосома қыз болса, ХУ – ұл деген сияқты нәтиже шығару арқылы 100 пайыз нақтылықпен орындалатын тәсіл. Сонымен қатар, аталмыш әдіс генетикалық, даун синдромы, тұқым қуалаушылық сынды аурулар орын алған жағдайда көмегі зор, бірден анықтап береді. Биопсия хорион әдісі дәрігер кеңесімен орындауға ұсынылады.
«Халық айтса қалып айтпайды» демекші, ел аузында да құрсақтағы нәрестенің жынысын анықтайтын әдіс-тәсілдер бар. Бұл әдісті қолданып көргендер де аз емес екен, сәйкес келіп жататқандары да бар. Ол үшін жүкті болып қалған айдың, яғни етеккір тоқтаған уақытты алып, оған аяғы ауыр болған кезеңдегі жас мөлшерін қосу арқылы анықталады. Мысалы қазан айы - 10, әйел жасы- 24. Сосын сандарды қосамыз да шыққан қосындыға 1-ді қосамыз (10+24+1=35). Егер тақ сан шықса ұл, жұп сан шықса қыз деседі.
Сыртқы келбет
Егер жүкті ананың бетіне безеу, дақтар көбейіп кетсе, онда сұлулықты іштегі бала алып қойды деп, оның жынысын қызбен байланыстырады. Ал келіншек аяғы ауыр кезде құлпыра түссе, онда ұл күтеді деген наным бар.
Іш пішіні
Егер іштің көлемі жалпақ болса қыз, сүйір, шығыңқы болып келсе ұл болады.
Тамақтану
Жүктілік кезеңде әйел қышқыл, ащы нәрсеге құмартса ұл болады, егер тәтті жақсы көрсе қыз болады деп те айтылады. Тәбеті ашылып, тамақ жеуге құмартып жүрсе, онда ұл деген болжам жасайды.
Жүрек айнуы
Алғашқы айларда болашақ ананың жүрегі айни берсе қыз деп айтады. Сараптама нәтижесі бойынша көптеген келіншектер осы жорамалды расқа шығарды. Зерттей келе қыз бала анасының құрсағында жатып, гормональді фонға әсер ететіндіктен әйелдерде әлсіздік болады екен. Алайда жоғарыда көрсетілген әдістер де, анықтауға көмектесер тәсілдер де нақты сәйкес келмей жатса мұңаюдың қажеті жоқ. Жынысы қандай болса да сәби тағдыр берген тәтті сый, тамаша тарту емес пе?!
Дереккөз: anabol.kz