Оқи отырыңыз

Талай жан бар аузыменен айды алар, қолымен қосаяқ та соға алмас.

Автор: Мұхтар Әуезов

— Редактор бағаны —

Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!
Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Жұлдызды блогтар —

Тек сол адам...
Тек сол адам...

Автор: Әсел Асанова

Статус: Редактор

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Негізгі / Бойжеткен / Шаңырақ / Неке жүзігі неге аты жоқ саусаққа салынады?

Неке жүзігі неге аты жоқ саусаққа салынады?

Неке жүзігі неге аты жоқ саусаққа салынады?

Адам деген асқақ атты иемденіп, жарық дүние есігін ашқаннан кейін, отбасын құрып, дүниеге ұрпақ әкелу әркімнің-ақ парызы. Осы парызды орындаудың алғы шарты ретінде қыз бен жігітттің қолдарына міндетті түрде қасиетті  «неке жүзігі» салынады. Неке жүзігін бір елдерде оң қолға, кейбір елде сол қолға таққандығымен, сақиналасатын саусақ бәріне ортақ. Махаббат белгісі - аты жоқ саусаққа кигізіледі.

Неге дәл «аты жоқ саусақ»? Осы сұрақтың төңірегінде біршама зерттеулер жүргізіп көрелік.

Адамзат тарихында осыдан 5 000 жыл бұрын пайда болған алғашқы неке жүзіктері бүгінгідей алтыннан жасалмаған. Египеттіктер оларды Ніл өзенінің жағалауында өсетін қамыстардан дайындаған көрінеді. Бастапқыда жүзікті аты жоқ саусаққа кигізген де - дәл осы египет халқы.

Сол кезде халық арасында танымал болған дәрігерлер адам ағзасы мен мүшелерінің орналасуын зерттей келе, жүрекке баратын күре тамырдың дәл осы саусақ арқылы өтетіндігі анықтаған. Махаббат пен жүрек егіз ұғым іспеттес, яғни бірінсіз бірі жоқтығын түсінген білімпаздар аты жоқ саусақты сол мәртебеге лайық көреді. Бір жағынан аты жоқ саусақ күнделікті тұрмыста жасалатын жұмыстарға қатыспағандықтан, оған кигізілген жүзік те ешкімге зиянын тигізбейді.

Антикалық «жүзіктер тілі»

Жүзіктер тілі – ежелгі Грек жерінде пайда болып, өткен ғасырдың басына дейін жігіттердің жеке өмірінің құпиясын шешуде кеңінен қолданылып келген.

Сұқ саусақтағы жүзік – жігіттің қалыңдық іздеп жүргендігін;

Ортаңғы саусақтағы жүзік – мәңгілік серігін емес, уақытша көңіл көтеретін құрбы іздеп жүргендігін;

Шынашақтағы жүзік – сүйіктісі жоқтығын және оны іздемейтіндігін;

Аты жоқ саусақтағы жүзік –египеттіктерден бастау алған дәстүр бойынша бойынша өмірлік жарының бар екендігін білдірген.

Психологиялық дәледер

Біздің қолымыздағы әрбір саусақ – отбасының немесе әулеттің әрбір мүшесінің нышанын білдіреді. Бас бармақ –ата-ана, сұқ саусақ – аға-қарындастары, ортаңғы саусақ – өзі, аты жоқ саусақ – зайыбы немесе жұбайы, шынашақ – балалары.

Енді осы отбасыңызды дәл суреттегідей етіп біріктіріңіз де, ортаңғы саусақты, яғни өзіңізді бүгіп қойыңыз. Жасап болған болсаңыз, бас бармақты бір-бірінен ажыратыңыз. Оны жасау оңай. Өйткені ата-аналар бізбен бірге мәңгі бола алмайды. Шынашақты жіберіңіз. Жасалды ғой!? Өйткені балаларымыз да есейіп, өз ыстық ұяларынан бөлініп шығады. Сұқ саусақтар да бір-бірінен оңай ажырайды, біздің бауырларымыз өз отбасыларын құрып, жөндеріне кетеді емес пе? Ал енді аты жоқ саусақты айыру мүмкін емес, оны жасасаңыз өзіңіз де жоқ боласыз! Тек қана осы саусақ мәңгілік әрі берік махаббаттың не екендігін көрсете алады.

Ақ махаббаттың нышаны ретінде аты жоқ саусақтарыңызға кигізілген жүзіктер мәңгі және мәнді болсын!

Суреттер: valstskontrole.wordpress.com,torange.ru,svadbapodkluch.ru

Дайындаған: Айгерім Сматуллаева

20361 14
Рейтинг: +5

Дайындаған: Кәусар Мұң
Қосылған күні: 21 тамыз 2012, 15:41
Пікірлер
+0
21 тамыз 2012, 15:38

шынымен де.. :D

+0
21 тамыз 2012, 15:40

Жүрекке баратын күре тамырдың дәл осы саусақ арқылы өтетіндігі анықталған. Хм... )) Адамдар себепсізден себепсіз ештеңе істемейді негізі ;)

+0
21 тамыз 2012, 15:53

андағы психологиялық дәлелге аң-таң болдым :?

+0
21 тамыз 2012, 16:00

египеттіктерге рахмет

+0
21 тамыз 2012, 16:06

Осылай саусақ жабысқандай ерлі-зайыптылар да жабысып қалса ғой...

+0
21 тамыз 2012, 16:32

олай болса, кәнеки :)

+0
21 тамыз 2012, 16:09

жақсы болды ғой, біліп жүретін болдық

+0
21 тамыз 2012, 16:16

"Кімсің" дегенге "міне мен" деп ортаңғы саусағыңды көрсетіп қоймаңдар...^__^

+0
21 тамыз 2012, 16:19

:lol: :lol: :lol:

+0
21 тамыз 2012, 17:01

бурын бiлмеушi ем,ендi бiлетiн болдым. Психологиялык тургыданда жаксы мысал келтiрiлген екен.

+0
22 тамыз 2012, 11:30

тема тақырып :lol:

+0
29 тамыз 2012, 11:35

енді біліп журетин болдык

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

38-параллель
38-параллель

Ел: Оңтүстік Корея Режиссер: Кан Джегю Жылы: 2004 Басты рөлдерде: Чан Дон Ган, Вон Бин Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев

Хён/ Аға/ Brother
Хён/ Аға/ Brother

Ел: Оңтүстік Корея Жыл: 2016 Режиссер: Квон Су Гён  Сценарийін жазған: Ю Ён А  Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев Басты рөлдерде: ДИО (Exo тобының әншісі) мен Чо...

Елес ерткен
Елес ерткен

Түпнұсқа атауы - Sen to Chihiro no kamikakushi Орысша атауы - Унесенные призраками Мемлекет: Жапония Жылы: 2001 Түрі: аниме Режиссері: Хаяо Миядзаки Жанры: шытырман...