Тоңазытқышта сақталуы тиіс косметикалық құралдар

Тоңазытқышта сақталуы тиіс косметикалық құралдар

Косметикалық құралдың көбісі ерекше сақтау шартын қажет етпейді. Олар тиісті мерзіміне дейін (бір немесе екі жыл) бұзылмай сақталады. Алайда жылы жерде тұруына байланысты көрсетілген сақтау мерзіміне жетпей, ерте бұзылатын косметикалық құралдар да болады. Сонымен қандай косметикалық құралдарды тоңазытқышта сақтаған жөн?

Ісінуге қарсы құралдар. Косметологтардың айтуынша, көзге арналған кремдерді тоңазытқышта сақтау қажет. Себебі ісінуді басатын мұздататын қасиеті жоғарылай түседі. 

Дәріханалық бояу. Үй жағдайында арнайы рецепт бойынша дайындалған бояуларды және дәріханалық бояуларды тоңазытқышта сақтаған жөн. Мысалы, дәріханадан сатып алған безеуге қарсы кремдер және спиртті сұйықтықтардың белсенді ингредиенттері ұзақ сақталуы үшін тоңазытқышқа салып қойыңыз. 

Кремдер. Теріге арналған құралдарды тоңазытқышта сақтау  олардың тиімділігі мен құрылымын өзгертпейді. Зертханаларда кремдер мен лосьондардың формуласы температураға байланысты өзгермейтіндей етіп өндіріледі. Алайда табиғи майлардан жасалған бояулар суықта қатып қалуы мүмкін. Сондықтан майлы құралдарды бөлме температурасында сақтаған жөн.

Сұйық косметикалық өнімдер. Сұйық косметикалық өнімдерді, мысалы, тырнаққа арналған лак немесе тональді кремдерді ұзақ сақтаған жағдайда қабаттарға бөлініп кетуі жиі кездеседі. Бірақ қорқатын ештеңе жоқ, тек құрамынан сұйығы бөлініп кетеді. Ыдысын қатты шайқап араластырсаңыз болғаны, орнына келеді. Егер сізге қабаттарға бөлінгені ұнамаса, тоңазытқышта сақтаңыз. Ескерте кететін жағдай, тырнаққа арналған лакты тоңазытқа сақтасаңыз, қолданардан бір-екі сағат бұрын шығарып қойыңыз. 

Күннен қорғайтын кремдер. Күннен қорғайтын кремдер тез бұзылады. Суға түсуге жағажайға барғанда күннен қорғайтын кремді сыртқа қалдырып кету жиі кездесетін жағдай. Белсенді ингредиенттерді бұзылудан сақтау үшін кремді көлеңкеге немесе сөмкеге салып, үйге келгенде тоңазытқышта сақтау керек. 

Бөлісу:
Пікір қалдыру үшін сайтқа кіріңіз
Өзгерту

Соңғы жаңалықтар

Official! Головкин 18 желтоқсанда жекпе-жекке шығады
Official! Головкин 18 желтоқсанда жекпе-жекке шығады
Иманбектің ремиксі "Грэмми" премиясын жеңіп алуы мүмкін
Иманбектің ремиксі "Грэмми" премиясын жеңіп алуы мүмкін
Бүркіттің жасына қарай атаулары
Бүркіттің жасына қарай атаулары
Қытай зонды араға 44 жыл салып Айдан топырақ үлгісін әкеледі
Қытай зонды араға 44 жыл салып Айдан топырақ үлгісін әкеледі
Ең ұзын жасөспірім Гиннестің рекордтар кітабына енді
Ең ұзын жасөспірім Гиннестің рекордтар кітабына енді
"Дарын 2020" мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаттары анықталды
"Дарын 2020" мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаттары анықталды