Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Бойжеткен / Шаңырақ / Кофені дәмдеуіш ретінде қолдануға болады

Кофені дәмдеуіш ретінде қолдануға болады

Кофені дәмдеуіш ретінде қолдануға болады

Кофе біз ойлағандай сергітіп қана қоймайды. Оның тұрмыста атқаратын қызметі бар. Мәселен, қуырылып жатқан тауық етінің үстіне салып жіберсеңіз, қарапайым дәмдеуіштер секілді ерекше дәм бере түседі. Тоңазытқышыңызды да жағымсыз иістен залалсыздандырады. Олай болса, тағы қандай қасиеті бар екен?

Дәмдеуіш ретінде қолдану

Кофе дәм жағынан қызыл бұрыш, пияз, сарымсақ, күнземен (кориандр) үйлесім табады. Ет қуырғанда, тауық қанатшаларын қуырғанда ерекше дәм береді.

Тоңазытқыштың жағымсыз иісін кетіреді

Егер тоңазытқышыңыздан жағымсыз иіс сезілсе, стақанға кофе түйіршіктерін салып, тоңазытқыштың ішіне қойыңыз. Кофе оның ішіндегі жағымсыз иісті өзіне тартып алады.

Металл ыдысты тез жууға көмектеседі

Егер тамағыңыз күйіп кетіп, метал ыдысты, яғни, кәстрөлдің түбіне жабысып қалатын болса, қою кофені ыдыс жуатын ерітінді ретінде пайдаланып көріңіз. Дақтардан арылған соң, ыдысты мұқият жуыңыз.

Қолдағы пияз бен сарымсақтың иісін кетіреді

Сарымсақ пен пиязды турап болып, қолды сабындап жуғаннан кейін де оның жағымсыз иісі кетуі екіталай. Кофенің екі-үш түйірін саусағыңызбен үйкелеңіз. Ол саусақтағы жағымсыз иісті өзіне тез сіңіреді. Алдын ала асхана сабынын дайындап қойсаңыз да болады. Мысалы сабынды қайнатып, оның үстіне бір шыныаяқ қою кофе құйып, қатырып қойсаңыз болғаны. Сарымсақ, пияз турап болған соң, сол сабынмен қолыңызды жусаңыз, иісі кетеді.

Фото: massaget.kz
Қосылған күні: 16 қаңтар 2016, 12:32

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.