- Негізгі бет
- Шаңырақ
- Алюминий қақтама буын...
Алюминий қақтама буын ауруларын емдейді
Алюминий қақтаманың емдік қасиеті болғандықтан, оны асханадан басқа жерлерде де қолдануға болады. Ол арқа, мойын, аяқ, буын, бұлшық ет ауруларында көмектесіп, отадан кейінгі тігістерді қайта қалпына келтіреді.
1. Қақтаманы дене мүшелеріміз ауырғанда, ишиас (жамбас жүйкесінің талаурап ісуі), артрит, құяң кезінде қолдануға болады.
Қолдану тәсілі:
Ауырған жеріңізді қақтамамен жауып, сыртын матамен байлаңыз. Бір түнге қалдырыңыз. Рәсімді қатарынан 10-12 рет жүргізу қажет. Бұдан кейін 1-2 апта үзіліс керек. Егер ауырған жеріңіз басылмаса, емделу курсын тағы бір мәрте жүргізіңіз.
2. Тұмау мен суық тиюді емдейді.
Алюминий қақтаманың көмегімен инфекциямен күресуге болады. Егер антибиотиктерсіз емделгіңіз келсе, сізге осы тәсіл көмекке келеді.
Қолдану тәсілі:
Аяғыңды 5-7 қабат қақтамамен ораңыз. Әр қабаттың арасына мата немесе қағаз салыңыз. Қақтаманы бір сағатқа қалдырып, артынша шешіңіз. Арада 2 сағат өткен соң рәсімді қайталаңыз. Бірақ бұл жолы басқа қақтаманы қолданыңыз. Мұндайды 7 күн қатарынан жасау керек.
3. Алюминий қақтама күйікті емдейді.
Қолдану тәсілі:
Күйген жеріңізді бірнеше минут суық судың астында ұстаңыз. Жара жоқ болса, бетін таза матамен сүртіңіз. Ал зақымдалған болса, дәкемен сүртіңіз. Күйіктің бетіне дәке қойып, артынша қақтамамен ораңыз.
4. Әлсіздік пен ұйқысыздықты жеңу
Әлемнің барлық косметолог және визажист мамандары қақтаманы қолдануға кеңес береді. Бұл материал ұйқысыз түннен кейін түрімізді қайта қалпына келтіруге көмектеседі.
Қолдану тәсілі:
Қақтаманың бірнешеуін тоңазытқышқа салып қойыңыз. Бір сағат өткен соң алып, бетіңіздің ісінген жерлеріне қойыңыз. Бұлшық еттеріңіз қалпына келгенше ұстауыңызға болады. Осылайша күйзелістен де арыласыз.
Қ. Бүйенбай