Махаббаттағы күйзеліс деген не?

Махаббаттағы күйзеліс деген не?
Фото: Альбина Хан

Өмірде әртүрлі жағдай болады. Бірде бақыт құшағында болсаңыз, бірде мұңайып жүруіңіз мүмкін. Үйленетін кезде адамдар «біз мәңгілік бақытты боламыз» деп ойлайды. Алайда отбасы берекесіне жету үшін еңбек ету керек.

Күйзеліс – қалыпты жағдай. Кез келген отбасыда «күйзеліс кезеңі» болады. Олардың әрқайсысының атауы да бар: бірінші жылғы, үшінші жылғы, бесінші жылғы, жетінші жылғы күйзелістер, т.б. Ақылды жанұя мәселені дер кезінде шешіп, одан «аман-есен» өтеді. Ал күйзеліске дайын болмаған адамдар бірден ажырасуға асығады.

Статистикалық мәлімет бойынша, отбасылық өмірдің алғашқы жылында 90 пайыз жұп ажырасып кетеді. Қалған 10 пайызы сабырлық танытады. Олар бала туылған кездегі, жұмысқа байланысты және орта жас күйзеліс кезеңдерінен өтеді.

Күйзеліс қарым-қатынасты мықтырақ етеді. Неге десеңіз, күйзеліс кезеңінде ерлі-зайыптылардың бір-біріне деген сезімдері сыналады. Сабырлық пен кішіпейілділікке үйренеді. Дана болу керектігін түсінеді. Осы жолмен ғана жұп қартайғанша бірге болып, махаббатын сөндірмей, бақытты болады.

Бала туылған кезде ер адам жарына көмектесіп, жанында болуға тырысқаны жөн. Жұмысқа байланысты күйзеліс кезеңінде әйел адам сүйіктісін қолдап, дем беріп, оның үлкен белестерге жете алатынын есіне түсіруі керек.

Осындай берекелі жұптың болашағы қандай? Балалары қандай болып өседі? Бұл сұрақтың жауабын өзіңіз де білесіз. Сіз мұның бәріне дайынсыз ба?

Ф. Абилова