Махаббаттың не екенін түсіндіре аласыз ба?

Махаббаттың не екенін түсіндіре аласыз ба?
Фото: Альбина Хан

Махаббат деген не? Адалдық деген не? Парыз, абырой, адамгершілік бір адамды екіншісінің жанында мәңгі ұстай алмайды. Адам кеткісі келгенде балаларынан да, сырқат адамнан да кетіп қалады.

Егер сүйіктіңіз сізді жақсы көрсе, ешқандай кемшіліктеріңізге қарамай, жаныңызда болады. Аса сұлу, тартымды болмасаңыз да, біреу сізге ғашық болары сөзсіз. Сұлу, тартымды сәнқойға ұнатқан адамы қарамай қоюы да мүмкін. Яғни, сізді біреу ұнатса, басқасы ұнатпауы мүмкін. Бұл − заңдылық. Егер біреу сізді ұнатпаса, онда тұрған ештеңе жоқ. Бұл әлі өз сыңарыңызды кездестірмегеніңіздің белгісі ғана.

Қанша жерден бір-біріңізді ұнатып қосылсаңыз да, бір күні айырылысуыңыз мүмкін. Осыған дайын болыңыз. Сүйіктіңізді босатыңыз. Ол тәулік бойы сізге қарап отыра алмайды. Сіз де күнімен ол жайлы ойлап жүрмеуіңіз керек. Махаббатқа толықтай берілу дұрыс емес. Әр адамның жеке аумағы болуы керек. 

Сенім, жылулық, мейірім, адалдық сияқты игі қасиеттерді бойыңызға сіңіріңіз. Болашақты ойлап, басыңызды ауыртпаңыз. Дәл қазір өзіңізді және сүйіктіңізді бақытты етуге тырысыңыз.

Сезімнің суып, махаббаттың жоғалып бара жатқанын сезгенде, кету керектігін мойындаңыз.

Сүйіктіңізді ренжітіп, қарғысқа қалмаңыз. Оны орынсыз ренжітіп, көңілін қалдырып, жылатпаңыз. Оның бәрі болашақта жүз еселеніп қайтарылады. Бумеранг заңын ұмытпағайсыз.

Өз сыңарыңызды қалай танисыз? Бұл – өз алдына бөлек тақырып. Мақала ұнады ма? Онда өз парақшаңда бөлісіп, достарыңа таныстыр!

Ф. Абилова