- Негізгі бет
- Шаңырақ
- Микротолқынды пеште қандай...
Микротолқынды пеште қандай ыдысты қолдануға болады?
Қазірде микротолқынды пеш есімді техниканың ғажабы әр үйдің ас бөлмесінен табылады. Пештің жұмыс істеу принципіне байланысты, оған кез келген ыдыс түрін қолдана беруге болмайды. Осы ережелерді білмеу ыдыстың құртылуына, тағамның бүлінуіне не адам ағзазына зиян тигізуі мүмкін.
Фарфор
Фарфордан жасалынған кез келген ыдыс микротолқынды пеште қолдануға жарамды. Бастысы ыдыста металл жалатылған оюлар болмауы керек. Себебі металл микротолқынды пеште ұшқынның пайда болуына әкеледі.
Әйнек
Әйнектен жасалынған ыдыс микро толқындарды ең жақсы жібереді екен. Алайда суарылмаған ыдысты абайлап қолданғаныңыз жөн, себебі пеште өте жоғары температуралар қолданылады. Ең жақсысы - суарылған әйнек ыдыс. Пеште хрусталь ыдысты қолданбағаныңыз жөн.
Керамика, қыш ыдыстар
Керамика және қыш ыдыстар сыртынан лакталған болған жағдайда микротолқынды пеште қолдануға әбден жарайды. Алайда ыдысты жарықтарға тексеріп алыңыз: сынған ыдысты қолданбаған дұрыс.
Пластмасса
Пластмассадан жасалынған ыдыс оңай деформациялана алады. Сол себепті пластмасса ыдысын пешке салмас бұрын, оның түбінде 140°С-ге дейін термотұрақты деген жазу бар екеніне көз жеткізіңіз.
Қағаз не картоннан жасалынған ыдыс
Қағаздан жасалынған ыдысты микротолқынды пеште тек қысқа уақытта тамақ қыздыру үшін қолдануға болады. Ал картон ыдыстарын әдетте балауызбен жалатады, сол себебпі оны микротолқынды пеште қолдануға болмайды.
Пергамент қағазы
Пергамент қағазы микротолқынды пеште қолдануға әбден келеді. Мысалға, суы ағатын тағамдардың астына төсеп қойса болады.
Микротолқынды пешке арналған қаңылтыр
Термотұрақты қаңылтырға тағамды орап жылытуға болады.
Ағаш ыдысы
Ағаш ыдыстарын микротолқынды пеште қолданбаған жөн. Себебі уақыт өте ағаш жарылып, жарықтар пайда бола алады.
Металл ыдыс
Металдардың түр-түрінен жасалынған ыдыстарды микротолқынды пеште қолдануға болмайды. Олар толқындарды өткізбейді.
Дайындаған: Сания Аринова
Сурет:b92.net
С. А