Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Экс-бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Бойжеткен / Шаңырақ / "Ағайын күншіл" деген сөзді теріске шығарыңыз

"Ағайын күншіл" деген сөзді теріске шығарыңыз

Өмірде идеал ешкім де, ешнәрсе де жоқ деп жатады. Сол ойдың шырмауында ешкім идеал болуға тырыспайды. Өз-өзімізді қолға алсақ, өмірдегі ең жақсы адам болу сіз елестеткендей қиын емес.

Болып жатқан әр іске, қиыншылыққа сабырлық танытыңыз. Қандай жағдай болса да, осы менің тағдырым, демек осылай болуы тиіс деп қараңыз. Сол кезде күйзелген сәттеріңіздің азайғанына көз жеткізесіз. Барлық оқиғаны жақсылықтың бастамасы деп қабылдап, қайырын күтіңіз.

Өсек айтпаңыз. Бұл сөз тек тілге ғана жеңіл көрінуі мүмкін. Бірақ өсек айтылып жатқан жерден тыныш қана шығып кетсеңіз, естімейсіз әрі өзіңіз қосылып айтуға мәжбүр болмайсыз. Шығып кететін мүмкіндік болмаса, «Анығына жетпей жатып, сыртынан тон пішпейік», «көзбен көріп, қолмен ұстамаған ісіміз жөнінде байқап сөйлейік», «алдымен ақ-қарасына көз жеткізіп алайық» деген сияқты тоқтау сөздер айтып көріңіз.

«Ағайын күншіл» деген сөзді теріске шығарыңыз, бұл тіркес сізге еш қатысы болмайтындай жағдай жасаңыз. Бір анадан туатын ала да, құла да өз алдына шаңырақ болып кеткеннен кейін көре алмаушылық, іштарлық сияқты пендеуи қасиеттер өздігінен орын алуы мүмкін. Ескі романдарды оқып, киноларды көргенде дәл осы сөз бұлжымайтын қағидаға айналып кеткендей көрінеді. Сіз осы қатып қалған тоңды жібітіп, алауыз ағайындарыңызға да мейірбандық танытыңыз. Олар сізге қанша күншілдік жасаса, сіз-ақ жаман болмаңыз, жамандыққа жақсылықпен жауап қайтарыңыз. «Бермегенді беріп ұялтыңыз».

Ешкімді жамандамаңыз. «Саған келіп біреуді жамандаған адам, Сені де басқаларға жамандайтынына сене бер...» деп Бауыржан Момышұлы айтып кеткен. Өмірде жаман адам болмайды, әр пенденің иненің жасуындай болса да жақсылығы болады. Соны көре білетін көреген көз керек. Кемелденген кісінің көзімен зер салып, сізге айтып тұрған «жаман адамның» жақсы қасиетін іздеп көріңіз де, әңгімелесушіңізге соны айтыңыз. Үнемі біреудің жақсылығын теріп отырсаңыз, сіздің жақсы адам екеніңіз көрінеді де, сізге келесіде өзі-ақ ешкімді жамандамайтын болады.

Көрінген адамға қол ұшын созып, мүмкіндігіңіз келгенше жақсылық жасап қалуға тырысыңыз. Жақсылық жасау үшін ақша беріп, тамағын тойғызу шарт емес. Көшедегі бейтаныс адамдардың жеңіл тілектерін қиналыссыз орындай қойыңыз. «Ертең өзімнің күнім түседі», «бір күні маған да көмектеседі», «болашақта керек болатын адам» деп есеппен көмектеспей, жасаған жақсылығыңыздың әрқайсысына алған «рақметіңізден» бақыт көре біліңіз.

1
Рейтинг: +10

Дайындаған: Әсел Асанова
Фото: Онгарбек Алхаров
Қосылған күні: 03 қазан, 09:35

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.