Бір күні менің ұлым болғанда...

Бір күні менің ұлым болғанда...
Фото: "Айдаһар" студиясы

«Бір күні менің ұлым болғанда, мен бәрін керісінше істеймін. Оған үш жасынан бастап: «Балам, сен заңгер емес, инженер болуың керек. Қандай маман болатының маңызды емес. Футбол комментаторы болам десең де өз еркіңде. Сауда орталығындағы сайқымазақ па? Өте жақсы таңдау!», - деп айтатын боламын дейді болашақ ана. Ары қарай елестетеді.

Отыз жасқа келгенде баласы: «Анашым, мен отыз жасымда сайқымазақ болып жүрмін. Сіз маған осындай өмір тіледіңіз бе? Маған оқудың маңызы жоқ екенін айтқанда не ойладыңыз? Математиканың орнына көше ұлдарымен ойнауға жібергенде қалауыңыз не болды? Мен болсам бала болдым, ештеңенің байыбына бармадым. Ал сіз неге қадағаламадыңыз? Менің өмірімді талқандадыңыз».

Оған берер жауабы: «Әлемде адамдардың екі түрі бар: бірі өмір сүреді, бірі өмірін біреуге кінә артумен өткізеді. Егер сен осыны түсінбесең, ақымақ болғаның».

«Әлде олай емес. Ертең мен ұлды болғанда бәрін де керісінше жасаймын. Үш жасында: «Ақымақ болма, ұлым, болашағыңды ойла. Өмір бойы біреудің ауласын тазалап, малын бағып, тасын қалап өткің келмесе, математиканы оқы», - деп ескертемін дейді.

Отыз жасында шаштары түсіп қалған программист келіп анасына: «Мен «Google» компаниясында жұмыс істеймін. Тәуліктің жиырма сағатын сонда өткіземін. Отбасы туралы ойлауға да уақытым жоқ. Жақсы жұмыс қана бақыт әкелетінін үйреткенде қандай ойыңыз болды? Базардағы сайқымазақтарды көріп, солардың орнында болғым келеді. Күлкісіз өмірдің маған не керегі бар?»

Ал оған анасы: «Өмірде екі түрлі адамдар болады: біріншісі тыныш өмір сүреді, кейінгісі өз өміріне көңілі толмай, өксікпен өткізеді. Осыны түсінбеген өзің ақымақсың».

«Әлде басқаша. Бір күні мен де ұлды болып, бәрін басқаша істеймін. «Мен сенің әр ісіңді қадағалап отырмаймын. Ақыл айтатын әкең бар».

Отыз жылдан соң тақырбас режиссер келіп: «Анашым, мен отыз жыл бойы сіздің назарыңызды өзіме аудару үшін шапқылап келемін. Сізге арнап он фильм, бес қойылым жасадым. Сіз туралы кітап та жаздым. Сіз неге бір де бір рет пікіріңізді айтпай, мені әкеме жібере бересіз?»

«Адамдар екі типті болады: бірі тыныш тіршілік кешсе, енді бірі өмірден үнемі бір нәрсе күтумен жүреді. Осыны түсінбесең, ақымақ екенсің».

Аналар үнемі идеал болуға, баласына барын беруге тырысады. Бірақ балалары ата-анасының өз ісімен көрсеткен үлгісінен тәлім алып, өз тәрбиесінің жемісін көрсетеді.

@. @assel_assanova