- Негізгі бет
- Шаңырақ
- Бөлме ауасын ылғалдандырудың...
Бөлме ауасын ылғалдандырудың жолдары
Жаздың аптабында үйдің іші ысып кететіні қалыпты жағдай. Мұндай жағдайда үйде кондиционер болмаса, ауаны қалай ылғалдандыруға болады?
Ауа тазартып тұру
Күніне үш мезгіл терезелердің барлығын ашып, 10 минут бойы ауаны тазартыңыз. Немесе арнайы құрал – пульверизатор сатып алыңыз.
Су толы табақ
Батареяның астына су толтырып табақ қойыңыз. Батареяның бойына бинт іліп, бір ұшын табаққа салу керек. Бинт суланып, суы буланып ұшып кетеді. Нәтижесінде бөлменің ауасы ылғалданады. Арасында табаққа су құйып, толтырып тұруды ұмытпаңыз.
Бөлме өсімдіктері
Бөлме өсімдіктерінің жапырақтарындағы судың булануы арқасында ауа жақсы ылғалданады. Ең пайдалысы – циперус өсімдігі. Ол неғұрлым үлкен болса, соғұрлым жақсы ылғалдандырады. Циперусты таба алмасаңыз, нефролепис атты өсімдікті алуға болады. Ол тек ылғалдандырып қана қоймай, ауа құрамындағы формальдегид, ксилол мен толуол сынды зиянды заттектерді жояды.
Арнайы ылғалдандырғыштардың дәстүрлі, булы, ультрадыбысты және «су жуғыш» атты түрлері болады. Ондай құрылғыларға дистилденген не фильтрден өткен суды құю керек.
Ф. Абилова