Ұрыс-керіс кезінде мына нәрселерді айтуға болмайды

Ұрыс-керіс кезінде мына нәрселерді айтуға болмайды
Фото: Жандос Дінмұхамедов

Ерлі зайыптылар арасында кикілжіңдер туындап тұратыны заңды құбылыс. Ара арасында сөзге келіп қалуы мүмкін. Мұндай жағдайда 5 маңызды ережені естен шығармаңыз.

Ата-ана жайлы сөз қозғамау

Үйде болатын ұрыс-керіске ата-аналарыңызды қатыстырмаңыз. Сондай-ақ, ата-анаңыздың ұрысқа қатысуына жол бермеңіз. Себебі, екеуара қатынасыңыз қалыпқа келсе де, ата-ана жарыңыздың қылықтарын, сөздерін ұмытпайды.

Күш қолданудан аулақ болыңыз

Кейде ұрыс барысында бірі сөзден шаршап, жұдырықтасуға ауысып кететін жағдайлар естіп жатамыз. Қанша жерден ашулы, ренжулі болсаңыз да, қол жұмсауға бармаңыз. Жарыңыздың да мұндай әрекетке баруына жол бермеңіз. Сүйікті адамның күш қолдануы кез келген адамның жылы сезімін, махаббатын «өшіреді».

©Илона Кутенко

Ешқашан ажырасу туралы айтпаңыз

Көптеген адамдар қызуқандылықпен әр нәрсені айтуға барады. Алайда ешуақытта «сенімен ажырасамын» деп айтпаңыз. Жарыңыз үшін бұл сөздер қатты тиеді. Айта берсеңіз, расында да бір күні қызбалыққа салынып, ажырасып кетуіңіз мүмкін. Сосын өмір бойы бұл әрекетіңізге өкініп жүресіз.

Ұрыс кезінде үйден кетпеңіз

Ұрысып жатқан кезде үйден шығып кету – қате әрекет. Жарыңыздың кинодағыдай артыңыздан жүгіріп, кешірім сұрауы екіталай. Сүйіктіңіз сабасына түскенде жанжалдың оң шешімін табуға тырысыңыз. Үйден кетіп қалып, кейіннен өкініп қалудан аулақ болыңыз.

Бөлек жатпаңыз

Ұрыстан кейін басқа бөлмеге ат басын бұрып кететін келіншектер баршылық. Бұл дұрыс емес. Әдеттегі қалыпты сақтау – шиеленіскен мәселені «басып», жүйкені тыныштандырады.

Ер адам сабырымен, әйел адам даналығымен ұрысты болдырмауға тырысуы керек екенін ұмытпағайсыз. Бақытты болыңыздар!

Ф. Абилова