Жігіттердің бұл ойы дұрыс емес

Жігіттердің бұл ойы дұрыс емес
Фото: Александр Дорохов, Василий Хименко

Қоғамда біраз стереотипті ой қалыптасқан. Солардың біріне жігіттердің «қыздар біздің қалтамызға қарамауы керек» деген ойы жатады.

Ер адам өз жарына қамқор болуы керек. Егер бұған қарсы келсеңіз, сізге әйел затымен бірге тұру не үшін керек? Ол сізге еш себепсіз ғашық бола ала ма?

Ері әйелінің тұрмысы, керек-жарағы үшін қаражат бермейтінін естігенде кез келген адамның жүрегі шаншылады.

Оған ақша беріп, жағдайын қамтамасыз еткіңіз келмесе, неге ол әйелмен тұрасыз? Мұндай жігіттер сыңарын не өзі бақытты ете алмайды, не басқаға бақытты етуге мүмкіндік бермейді.

Мұндай қарым-қатынастың салдары қандай?

Сүйіктісі өзін қуантуға ақша аяйтын, қалтасынан бар ақшаны шығаруға бармайтындықтан, әйел затының мінезі қатая бастайды. Оның бойында ерлік қасиеттер қалыптасады. Неге? Себебі енді ол өз қамын өзі ойлап, ақша табуы керек. Нәтижесінде нәзіктік қасиетінің дамуы тоқтап қалады. Ал бұл өз алдына сіздердің қарым-қатынастарыңызға теріс әсер етеді.

Әйел ақылды, дана болса, ер адам табысты болады. Расында да, көптеген табысты ерлердің айтуы бойынша, олардың жанында үнемі рухы мықты, махаббаты шексіз, адал жар болған. Ал «мен ол үшін бір тиын жұмсамаймын» дейтін болсаңыз, кім сіздің жаныңызда болады?

Біздің айтып отырғанымыз үнемділік қасиет емес. Біз нағыз сараңдықты сынап отырмыз. Әрине әйелдің түкке керегі жоқ дүниеге үлкен ақша жұмсауы дұрыс емес. Асыра еркелігі де орынсыз. Бұл жерде гармония болуы керек. Демек, ақылмен жұмсай алатын, өзіне деген қамқорлық пен назарды бағалай алатын әйел және сүйіктісін қуантуға даяр, ақшаны орнымен жұмсай алатын, сыңарын бағалай білетін еркек болуы керек. Осындай жұптың болашағы бар.

Ал сіз бұл жайлы қандай ойдасыз?

Ф. Абилова