Алғашқы кездесуде не жайлы айтуға болмайды?

Алғашқы кездесуде не жайлы айтуға болмайды?
Фото: Әнуар Сағынтаев

Бір жігіт сізді алғашқы кездесуге шақырды делік. Киім, аксессуар таңдау көп уақыт алмайды. Ал «өзімді қалай ұстаймын? Не жайлы әңгімелесеміз? Не жайында айтпау керек?» деген сұрақтарға жауап табу әдетте қиынға соғады. Бүгін біз алғашқы кездесуде не жайлы айтуға болмайтынын әңгімелейміз.

Бұрынғы қарым-қатынас жайлы

Алғашқы кездесуде бұрын жүрген жігіттеріңіз жайлы айтушы болмаңыз. Сізді танымайтын жігітке «әлгі оңбағанның» ренжіткенін баяндау орынсыз. Өткенді ұмытып, өмірді жаңадан бастау керектігін ұмытпағайсыз.

Болашақ жайлы

Келе салып, болашаққа жоспар құру – артық нәрсе. Жігіт өзі жайлы әңгімелеп отырғанда сіз ішіңізден балаларыңызға ат қойып, оқуға түсіріп жатырсыз. Мейлі. Ал сөзбен мұны білдірту қажет емес. Бұл – бар болғаны алғашқы кездесу екенін ұмытпаңыз. Бұл жігіт уақыт өте келе сізге ұнамай қалуы немесе керісінше, сізді әйелі ретінде қабылдай алмауы мүмкін.

Ақша, ауқат жайлы

Қыз да, жігіт те осы қағиданы ұмытпауы тиіс. Алғашқы 3 кездесуде кімнің қанша жалақы алатыны жайлы айтудың қажеті жоқ. Өмір сүру үшін қанша қаражат керек екенін талдаудың орнына оның сүйікті кино жанры, тағамы, демалыс орны жайлы сөйлесуге болады.

Расында да, алғашқы кездесуде «менің пәлен ақшаға алған көлігім бар», «менің элит ауданында үйім бар», «мен айына пәлен мың ақша аламын» деп айтып отырған жігітті қыздар «мақтаншақ, ақшасына тәуелді, дүниеқоңыз адам» деп бағалайды.

Ауру жайлы

Бұл дәрігерлік кеңес бөлімі емес. Сіз серуендеп жүрсіз. Сол себепті өзіңіздің жара, ауруларыңыз туралы айтудың керегі жоқ.

Кемшіліктер жайлы

Әйелдердің ойынша алғашқы кездесуде өзіңнің кемшіліктерің жайлы айтуға болмайды. Және өзіңді асыра мақтаудың да қажеті жоқ.

Ал сіздің ойыңызша алғашқы кездесуде не жайында әңгімелеуге болмайды?

Ф. Абилова