- Негізгі бет
- Шаңырақ
- Үйіңізге асығасыз ба?...
Үйіңізге асығасыз ба?
Дүниежүзі халықтары бір-бірімен тығыз араласып, жаһандану салтанат құрған шақта олардың арасындағы ұлттық ерекшеліктер бірте-бірте азайып келеді. Ата салтын сақтауға тырысатын халықтар әсіресе жапондықтар, корейлер бұған алаңдаулы. Себебі ондағы жастар отбасын құрғаннан гөрі мансап қуып, өз-өзіне, қоғамға жеке тұлға екенін дәлелдегенді мақсат етеді. Нәтижесінде елде бала азайып, жасы үлкен адамдар көбейіп, ұлттың «қартаюы» байқалады, яғни, демографиялық дағдарыс құбылысы туындайды.
Отбасы деген не?
Отбасы дегенді әркім әртүрлі түсінуі мүмкін. Дегенмен алғашқы кезекте ерлі-зайыптылар мен олардың балалары, немерелері көзге елестейтіні сөзсіз. Ал мансап қуып жүргенде жылдар үнсіз жылжып, отбасын құрып, балалы-шағалы болу уақытын жіберіп алады.
Неліктен мұндай адамдар отбасын құруға құлықсыз?
Әдетте өз-өзіне көңілі толмайтын адамдар кәмелеттік жасқа толғаннан кейін, өз мақсатына жетуге асығады. Беделді шетелдік жоғары оқу орындарында білім алып, жалақысы үлкен жұмысқа орналасады. Алаңдайтын отбасы болмағандықтан, тек қызметке беріледі. Осылайша бірте-бірте ата-анасынан, туған-туыстарынан алшақтай береді. Жалақысы жоғары болғандықтан, мейрамхана, дәмхана сындылардан тамақтана салады. Үйге тек ұйықтау үшін ғана келеді.
Алайда отбасы бола тұра, жоғарыда айтқанымыздай жұмыс істейтіндер де жеткілікті. Және олардың ішінде тек ер-азаматтар ғана емес, әйел қауымы да бар. Үйдегі отбасы рухани жағынан жұмыскерге ауыртпалығын салмай, өзімен өзі өмір сүріп жатады. Мансапқорға да бұл өте ыңғайлы. Ол - тек қаржы тауып беруші. Балаларға, жұбайына көңіл бөлуді ең соңғы кезекке қояды. Сондықтан үйге асықпайды. Өзінің отбасының ата-анасы ретінде бала тәрбиелеуге тиіс екеніне көз жұма қарайды. Оны да асығып күткен адам болмайды. Ол келген кезде, бұдан күдерін баяғыда үзгендер ұйықтап жатуы мүмкін не әлдебір мерекелік шараға өздері кетіп қалуы ықтимал.
Олай болса, шаңырақ көтерудің маңызы қандай? Отбасы жылулығын сезінбесе, оның шуағына шомылмаса, адамдардың мейіріміне бөленбесе, адам атанудың қандай мән-мағынасы бар?
Сіз ше? Үйде ата-анам немесе балаларым, жарым күтіп отыр деп асығасыз ба?
Ұқсас жазбалар:
Сүйіктіңізге ақша тапқызудың оңай жолдары
Ф. Абилова