- Негізгі бет
- Шаңырақ
- Бала тілі -...
Бала тілі - бал
Ересектермен салыстырғанда балалардың көзімен өмір қызықты, әрі өте қарапайым. Баланың тілі бал болатыны рас екен-ау. Бүгін біз сіздерге кішкентайлардың қызықты диалогтарын ұсынамыз.
****
- Мен кеше қатты құлап қалдым ғой...
- Жыладың ба?
- Жоқ!
- Жарайсың! Неге жыламадың?
- Үйде ешкім жоқ қой...
****
- Анашым, дастархандағы үлкеееен торт ағама ма?
- Жоқ, саған.
- Неге кішкеееентай-ақ?..
****
- Анашым, кактус қолыма инесін кіргізіп алды.
- Кактус емес, өзің бірінші тиіскен шығарсың!
- Жоқ, өзі ғой бірінші бастаған!
****
- Анашым, саған менің анам болғаның үшін үлкен-үлкен рақмет! Егер мені сен емес, басқа біреу туғанда мен бәрібір одан қашып кетіп, сені іздеп тауып алар едім...
****
- Анашым, әкем неге «Мен саған қалай тез арада ата атануға болатынын айтайын ба?» дегенімде қызарып кетті?
- Сонда оны қалай ата қылмақсың, қызым?
- Оған тек шашын ақ түске бояп, сақал жабыстырып алса болғаны...
****
- Әке, кейін әйел алсам, қанша жыл тұруым керек?
- Өмір бойы, балам!
- Мәәә, он бір жылдық мектеп, төрт жылдық оқу, сосын өмір - бойы әйел...
****
- Анашым, маған кәмпит берші, болшы, кәмпит берші. Анашым, кәмпит деймін!
- Үндемей отыра тұршы, сосын беремін!
- Анашым, қара мен үндемей отырмын, берсей енді. Үндемей отырмын ғой...
Сурет: massaget.kz