Оқи отырыңыз

Өзі білмесе де елге ақыл айту – қазақтың қасиетті өнері.

Автор: Оралхан Бөкей

— Редактор бағаны —

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Бойжеткен / Шаңырақ / Кітапты қалай күтеміз?

Кітапты қалай күтеміз?

Кітапты қалай күтеміз?

Адамның рухани жан азығы саналатын кітап оқуға дағдылану әрі оның таңдап, талдап оқу қаншалықты пайдалы болса, оны асыл мұрадай сақтап, күтіп ұстау да соншалықты қажет нәрсе.

Кітап дүниеге оңайлықпен келмейді, оған да зор еңбек сіңіріледі. Сол қасиетіне орай оның бағалылығы артады. Жақсы кітап қолдан қолға тиіп, көп ұсталуына қарай кірленіп, тоза бастайды. Кітапты мұндай күйге түсірмес үшін оған аса ұқыптылықпен қарап, дұрыс пайдалану керек. Оқыған сайын кітаптың сыртқы мұқабасын қаптап, парақтағанда саусақты суламай, ептеп ашса, оқып келген жерін қайырмай, арасына қалың нәрсе қоймай, оның орнына кішкентай қағаз салып қойса, кітап көпке дейін сақталады.

Кітапты сызып, ашық жеріне жазу түртіп қою дұрыс емес. Сондай-ақ, тамақтанып, шәй ішіп отырғанда кітап оқымаған жөн. Себебі, кітап парақтарына майлы зат тамып, арасына қоқым түсіп кетуі мүмкін.

Кітапты күн көзінде оқыған және сақтаған дұрыс емес. Себебі, кітап қағазы сарғайып, өңі бұзылады. Сонымен қатар, кітапты дымқыл жерде сақтауға болмайды. Бұл жағдайда кітап арасы көгеріп, парақтары бір-біріне жабысып қалады. Сондықтан да үйіңіздегі кітап сақтауға жайлы орынды белгілеп, сөрелерді сол жаққа орналастырыңыз. Мүкіндігінше кітаптарды жабық сөрелерде сақтаған жөн.

Кітапқа шаң да, әртүрлі кеміргіш құрт, қоңыз, т.с.с. жәндіктер әуес. Бірі кітап қағазын кеміріп, бүлдірсе, бірі кітап түбіндегі желімге құштар. Қай-қайсы болмасын кітапты бүлдіріп, қағазын үгіп шаңдатады. Бұл зиянкес жәндіктер көбінесе кітап өте тығыз және аса көп қозғалмайтын шаң басқан сөрелерде жиі кездеседі. Сондықтан да үй жинаған кезде кітап сөрелерін де сүртіп, шаңсорғышбен тазалап қоюды ұмытпаңыз. Ал көзіңізге зиянкес жәндіктер шалынса, дереу оған қарсы шаралар қолданыңыз. Алдыменен сөредегі кітаптардың барлығын алып, әрқайсысының шаңын сүртіңіз. Сөрені дымқыл шүберекпен сүртіп, үстіне үлкен қағаз не мата жайып қойыңыз. Содан кейін әр кітаптың шаңын қағып, бір-бірлеп қойыңыз. Сөрелерге кітаптарды қоған кезде, оларды тығыз орналастырмаған абзал. Адам баласына ауа қаншалықты қажет болса, кітаптарға да таза ауа соншалықты қажет. Кітап сөресі тұрған бөлменің жиі-жиі терезесін ашып, ауасын тазартып тұру керек.


Егер де кітапты байқаусызда суға түсіріп алсаңыз, жылы да құрғақ, жел қағатын көлеңкелі жерге тік күйінде, парақтарын желдеткіш (веер) тәрізді ашып, кептіріңіз. Бірақ та, кітап беттерінің бір-бірімен жабысып қалмауын қадағалаңыз.

Кітап парақтарының не мұқабасының жыртылғанын байқасаңыз, арнайы қағазбен желімдеп қойыңыз. Саусақ немесе қарындаш ізін байқасаңыз, жұмсақ шүберекпен не өшіргішпен сүртіп кетіруге болады.

Кітапты неғұрлым ұқыпты пайдалансаңыз, соғұрлым оның өңі бұзылмай, ұзақ сақталады.

Дайындаған: Ғазиза Ұзақ

Суреттер: soveti.ru, knigi.ru, liveseed.net

17485 5
Рейтинг: +3

Дайындаған: Ғазиза Ұзақ
Қосылған күні: 29 маусым 2012, 13:05
Пікірлер
+0
29 маусым 2012, 14:25

кітапты өстіп таза ұстау керек...бірақ, қазір кітап оқымайды

+0
29 маусым 2012, 15:26

Кітапты қалай жоғалтпау керек деген кеңестер бар ма? :D Жыл сайын бір кітап жоғалтамын

+0
29 маусым 2012, 16:30

Жоғалтпауға тырыс))

+0
29 маусым 2012, 16:38

ол үшін кітапты ешкімге бермеу керек...оның үстіне жатақхана...кім біледі кітаппен қазан жаға ма әйтеуір жоғалады да жатады

+0
02 шілде 2012, 16:46

Жақсы кеңестер. ал жатақханада ең дұрысы кітап беріп керек емес. Берген кітабың жоғалды дей бер. :)

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

38-параллель
38-параллель

Ел: Оңтүстік Корея Режиссер: Кан Джегю Жылы: 2004 Басты рөлдерде: Чан Дон Ган, Вон Бин Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев

Хён/ Аға/ Brother
Хён/ Аға/ Brother

Ел: Оңтүстік Корея Жыл: 2016 Режиссер: Квон Су Гён  Сценарийін жазған: Ю Ён А  Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев Басты рөлдерде: ДИО (Exo тобының әншісі) мен Чо...

Елес ерткен
Елес ерткен

Түпнұсқа атауы - Sen to Chihiro no kamikakushi Орысша атауы - Унесенные призраками Мемлекет: Жапония Жылы: 2001 Түрі: аниме Режиссері: Хаяо Миядзаки Жанры: шытырман...