Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Арнайы жобалар директоры

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Бойжеткен / Шаңырақ / Ең қызық химиялық реакциялар

Ең қызық химиялық реакциялар

Ең қызық химиялық реакциялар

Реакция - тек химия кабинетінде ғана болатын тәжірибелер емес. Біз күнделікті өмірде химиялық реакцияларға тап боламыз. Тамақ пісіру, көлік айдау және т.б. күнделікті істер химия заңдарына бағынады. Назарларыңызда ең қызықты химиялық реакциялар топтамасы.

Магнийдің құрғақ мұзда жануы

Магний оңай тұтанып, қатты жанады. Мына тәжірибеде магний мұздатылған көмірқышқыл газында жанатынын көре аласыздар. Жанғанда жақсы жарық беретіндіктен, бұл құбылыс фотоаппараттар енді пайда болғанда вспышка ретінде қолданылған екен. Қазірде магний отшашу құрамындағы басты бөліктердің бірі.

Натрий мен газ тәріздес хлор және су

Натрий – жанғыш элементтердің бірі. Мына бейнебаянда газ тәріздес хлор мен натрийге бір тамшы су қосылғандағы нәтиже көрсетілген. Натрий ашық сары түспен жанады.

Калий хлораты жануы

Калий хлораты – хлор калий және оттегінің қосылысы. Оны балқу температурасына дейін қыздырғанда, ішіне түскен кез келген зат хлораттың ыдырауына әкеледі, ал бұл жарылысқа әкеледі. Бөлінетін газ - оттегі. Бұл қосылыс ұшақтарда, жерсерік станциялары мен сүңгуір қайықтарда оттегі көзі ретінде қолданады.

Мейснер эффектісі

Аса өткізгіш қажетті температураға дейін суытылғаннан кейін, ол димагитті қасиетке ие болады. Яғни, магнитті өріске тартылмай, керісінше одан итеріледі. 

Әйгілі натрий ацетаты

Ас содасы мен сірке судың қосындысы болатын натрий ацетатын үйде де дайындаса болады. Нәтижесінде натрий ацетатының кристаллогидратын аласыз. Оны ерітіп, басқа ыдысқа құйып суытасыз. Суыған ерітіндіні абайлап пішінге құйып, үстінен бір түртсеңіз, сұйық қата бастайды!

Жалғасы бар...

Дайындаған: Сания Аринова

Сурет: arthimik.ru

Дайындаған: Сания А
Қосылған күні: 28 маусым 2012, 14:44

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.