Өміріңізді жеңілдеткіңіз келсе

Өміріңізді жеңілдеткіңіз келсе

ХХІ ғасырда өмір сүру - ең құнды мүмкіндік. Ал қалғанына оңай қол жеткізуге болады. Лайфхак туралы бұған дейін естіген шығарсыздар. Ол мақсатымызға аз уақыт жұмсау арқылы жақсы нәтижеге қол жеткізуге негізделеді. Оны адамдардың жалқаулығының арқасында туған десек, қателеспейміз.

Біз де жалқау жандарды ұнатпаймыз, десе де уақытыңызды үнемдеуге септігі тиер деген ниетпен лайфхактың бірнеше түрін ұсынуды жөн көрдік.

♣ Телефон арқылы сөйлесіп тұрған адамның есімін міндетті түрде сұраңыз. Оның есімін білген соң кез келген сұрағыңызды иесіне бағыттай аласыз. Мұнымен қатар, бұл сеніміне кіруге көмектеседі.

♣ Спагетти таяқшасын үйде жарық сөніп қалған кезде пайдалануыңызға болады. Оның май шамды алмастыру қасиеті бар.

♣ Оңай киілетін аяқ киімді жұмысқа әкеліп, үстелдің соңғы тартпасында сақтаңыз. Бұл ыңғайыссыз аяқ киімді уақытша шешіп, энергияңызды үнемдеуге көмектеседі.

♣ Аяқ киімді ауыстырған соң кеңсенің ішінде біраз уақыт серуендеңіз. Егер жиналыс басталса, небары 1 минут ішінде әдемі аяқ киіміңізді киіп аласыз.

♣ 20 минуттан соң сүйіктіңізбен кездесуге баруыңыз керек. Ал тырнағыңыздағы маникюріңіз әлі кеппей жатыр. Мұндай жағдайда саусақтарыңызды суық су құйылған ыдысқа 3 минутқа салыңыз. Осылайша тырнақтағы маникюр тез кеуіп, кездесуіңізге үлгеруіңіз мүмкін.

♣ Үнемі смартфонға арналған қуаттағышыңызды алып жүріңіз. Оны қосатын жер міндетті түрде табылады.

♣ Мыжылып қалған жастығыңызды бұрынғы қалпына келтіргіңіз келсе, күн астына 30 минутқа қойыңыз.  

♣ Егер біреуге хабарламаны қателесіп жіберіп қойсаңыз, бірден телефоныңыздағы «әуе режимін» қосыңыз. Сол кезде желі дұрыс жұмыс жасамағандықтан, хабарламаңыз бармай қалады. 

♣ Қысқатолқынды пеш тамақтың шеткі бөлігін жақсы жылытатындықтан, тамақты тәрелкенің осы бөлігіне орналастыруға тырысыңыз.

Сурет: rudaki.ru

Қ. Бүйенбай