Үй жинауға уақыты жоқтарға

Үй жинауға уақыты жоқтарға

Егер үй жинауға уақыт тапшы болып, әрдайым асығып жүретін адам болсаңыз, мына 10 кеңеске құлақ түріңіз.

1. Күнделікті пәтеріңіздің қуыс-қуысына 5 минут арнаңыз, біреуге бере салуға болатын, қоқысқа тастайтын заттарды шығарып отырыңыз.

2. Микрожинау 
Бөлменің дәл ортасына тұрып, қай жерді көбірек шаң басқанын қараңыз. Шаңды лезде сүртіп алу үшін ескі шұлықты дымқылдатып екі қолыңызға киіп алыңыз да, сүртіп шығыңыз.

3. Үзіліс 
Теледидарда жарнама жүріп жатқанда басқа бөлмеден әкелген заттарды: кесе, қайшы, крем және т.б. бәрін орнына апарып қойыңыз.

4. Жолда 
Кастрюльдер мен табаларды тамақ дайындап болған соң, ыстық су құйып, жібітіп қойыңыз, тақтайларды дақ сіңіп кетпес үшін бірден сүртіңіз.

5. Жаңа ереже 
Егер бөлмеге бірдеңе әкелсеңіз (газет, стакан, тамақ салынған тарелка), бірден қайта орнына апарыңыз.

6. Кіре беріс жерге комод, үстел немесе консоль қоймаңыз, әйтпесе сол жерде киім жинала беретін болады.

7. Уақытты қадағалаңыз
Үй жинау кезінде басқа заттарға алаңдамас үшін және әрбір бөлмеге көп уақыт кетпес үшін таймерді 30–40 минутқа қойыңыз.

8. Ұсақ заттар: «Лего», паззл, конструкторларды сыпыртқы және қалақпен тез жинап алуға болады.

9. Егер қонақ күтсеңіз 
Ваннаны жақсылап жуып, тазалап қойыңыз – мұнда кірген адам өзі жалғыз не істерін білмей, әрбір қуыстың кірі мен шаңына көзі түседі.

10. Достарыңызды жиі шақырып тұрыңыз. Қонақ күту – үй жинауға түрткі болып отырады. 

Сурет: velvet.by

A. Mustafina