Қала сыртындағы үйіңізді жайлы мекенге айналдырыңыз

Қала сыртындағы үйіңізді жайлы мекенге айналдырыңыз

Жоқтан бар жасау кейбіріміздің қолымыздан келмесе де, оның не екенін жақсы білеміз. Қарт кісілер «Жоқтан бар жасап, жаманын жасырып, жақсысын асырып отырған келінімнен айналдым» деп мақтап отырады. Сізді де солай мақтағанын қаласаңыз, қаланың сыртындағы үйіңізді әдемі әрлеуге арналған бірнеше идеямызды оқыңыз.

Осы күндері қала ортасындағы пәтер бағасы тым қымбат болғандықтан, шет жақтағы Талғар, Алексеевка, Калинин, Қоянқұс секілді аймақтардан жер алып, үй салуда. Қаладан шалғай жерде болса да, мұнда тұрудың ұтымдылығы бар: ауасы қалаға қарағанда таза, көршілер бір-бірімен еркін араласады және ең бастысы – үйіңіз бен аулаңызды өзіңіз қалағандай етіп өңдеуіңізге болады.

Жұмыр тастар салынған қорап

Жалаң аяқ жып-жылы жұмыр тастың үстінде тұрған қандай жақсы. Ағаштан жасалған төртбұрышты су өткізбейтін арзанқол материалмен өңдеуді ұмытпаңыз. Ал оны жылытатын отынды дүкеннен табуға болады.

Скейтбордтан жасалған әткеншек

Ескі орындықтан жасалған әткеншек

Ескі түпқоймадан жасалған әткеншек

Бұларды іліп қою үшін мықты арқан мен ағаш таңдағаныңыз жөн.

Бөтелкеден жасалған құмыралар

Балалар сурет салуға арналған тақта

Бұл үшін небары қаша мен грифельмен өңделген кез келген көлемдегі тақта қажет.

Балаларға арналған су матрасы

Балаларыңыз өз ауласында тауға шыққандай күй кешсін.

Егер мықты керегеңіз болса, қажетті құрал-жабдықты кез келген спорт дүкенінен сатып ала аласыз.

Лимон шөбі сізді маса мен шыбын-шіркейден қорғайды.

Лимон шөбі өсімдігін сатып алып, бірнеше аптаға суға салып қойыңыз. Артынша тамыры шыққан кезде топыраққа отырғызуыңызға болады.

Ескі орындықтарды баллондық бояудың көмегімен өңдеуіңізге болады.

Ал егер саусағынан бал тамған шебер болса, әдемі жапқыш тігуіңізге болады.

Ескі су өткізетін құбырдың көмегімен кереге бағын жасаңыз.

Фонтан және үрлемелі бассейін

Жел мен кілттің әдемі әуен ойнауына мүмкіндік беріңіз.

Күннен қорғайтын шатыр

Әрине, нәтиже болу үшін біраз уақыт қажет. Бірақ артынша жанға жайлы мекенге айналатынын да ұмытпаңыз.

Жөргек пен кашпо

Егер гүл отырғызатын кашпоның түбіне бала жөргегін салып қойсаңыз, жерге суы ақпайды әрі ыдыс түбінен ауа кіріп тұрады.

Ағаштан велосипедке арналған тұрақ жасау

Кішкене гүлзар

Түрлі-түсті тастар бақшаңызға ерекше көңіл-күй сыйлайды.

Нұршам гүлзарыңызды ертегілер әлеміне айналдырады.

Көк шалғындағы айна шарлар

Егер дәл түпнұсқасын сатып алуға ақшаңыз болмаса, кез келген шарды құрамында хром әсері бар бояумен бояңыз.

Дайындаған: Томирис Сағындық

Сурет: Ерлан Қыдыров, liveinternet.ru

Қ. Бүйенбай