Лалагүл сіз бен біз ойлағандай нәзік емес

Лалагүл сіз бен біз ойлағандай нәзік емес

Кез келген бөлме өсімдігі пайдалы деген пікір қалыптасқан. Олар көмір қышқыл газын сіңіріп, оттек бөліп шығарады. Тек таза ауа бөліп қоймай, көркімен де көңіл-күйді көтереді, әрі заманауи жиһаздар шығаратын иісті жояды. Мұнымен қатар, бөлме өсімдіктерінің аса қауіпті түрлері бар. Аллергиясы бар адамдар, балалар, аяғы ауыр әйелдер, үй жануарлары үшін зиян болуы мүмкін. Сол үшін оларды сатып алған кезде токсикалық әсерін сұрап алған жөн. Олай болса, өмірге қауіп төндіретін бөлме өсімдіктерінің түрлерін нақты талдап көрейік. Олар – олеандр, адениум, пахиподиум, алламанда, бюмонтия, строфантус, дипладения, плюмерия, карисса, тебернемонтана және катарантус. Әсіресе, адениум мен олеандр қауіпті. Адамды өлтіру үшін оның бір жапырақшасының асқазанға түсуі жеткілікті болады.

Ақындар мен суретшілер ерекше сүйетін лала гүлі сіз бен біз ойлағандай нәзік емес. Бұл гүлдер өсу барысында басты айналдыратын иіс бөледі. Мұндайда аллергиясы бар адамдар талып қалуы мүмкін. Оны тамаққа қосқан жағдайда адамның аллергиясы бір сағаттан кейін қозады, ал үй жануарлары құса бастайды. Оған қарсы пайдаланылатын антидот болмағандықтан, әрдайым абай болған жөн.

   

Бұдан өзге монстера, аглаонема, алоказия, сауроматум, сингониум, антуриум, спатифиллум, сциндапсус, диффенбахия, филодендрон, каладиум, замиоклькас, калла, колоказия гүлдері өте қауіпті. Оларды жайқалып, түрлі-түсті өскеніне қарап, барлығы да таңдайды. Алайда құрамында щавель қышқылы, токсикалық протеин, энзима бар екенін көпшілік ескере бермейді.

Жалғасы бар ...

Дайындаған: Қарлыға Бүйенбай

Сурет: rumbur.ru

Қ. Бүйенбай