Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Грант құтты болсын,
Грант құтты болсын, "балмұздақ"!

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Жұлдызды блогтар —

20 жасқа дейін...
20 жасқа дейін...

Автор: Томирис Есқали

Статус: Контент-менеджер

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Негізгі / Бойжеткен / Шаңырақ / Балаларды ұялы телефон ойынынан аулақ ұстаңыз

Балаларды ұялы телефон ойынынан аулақ ұстаңыз

Балаларды ұялы телефон ойынынан аулақ ұстаңыз

Жұмбақ айтып табысатын, ән-жыр айтып жарысатын, асыр салып далада, тай-құлындай шабысатын, қазағымыздың балдырған ұландары ата-ананың құлықсыздығынан ұялы телефон ойынына құмартты, құмартқаны соншалық, қой десе қоймай, зар еңірей кететіні үйреншікті жағдай болып қалды. Ендеше ойындар әлемінде балалар соншалықты құмартатын біз сезе білмейтін қандай да бір сыр бар ма? Оның балаларға зияны қаншалықты?

Алдымен «Телефондағы ойын деген не?» сұрағына жауап іздеп көрейік.

Телефон ойындары: құрылымы қарапайым, балалар оңай игеретін, адам қиялындағы дүниені елестете алатын, баурау қуаты күшті, құмарлыққа ұрындыратын ойын түрі.

Ендеше телефон ойынының балаларға зияны қандай?

Ғалымдардың зерттеуінше, кішкентай балаларды ересек адаммен салыстырғанда:

 

  • Балалардың барша дене бітімі, жүйке талшықтары өсіп-жетілу мезгілінде болғандықтан, радиациялық сәуледен зияндалуы ересек адамнан жоғары болады;
  • Кішкентай балалардың бас сүйегі біршама жұқа болатындықтан, радиациялық сәуледен зияндалуы ересек адамнан жоғары болады;
  • Бала денесіндегі су құрамы ересек адамдармен салыстырғанда мол болатындықтан, радиациялық сәуледен зияндалуы ересек адаммен салыстырғанда біршама жоғары болады;

 

Сол себепті, телефоннан шыққан радиациялық сәуле балалардың денсаулығына, ақыл-ойына оңай кері әсерін тигізеді.

1. Денсаулығына болған зияны: мойнын төмен салбыратып ұзақ уақыт бір орында отыру балалардың дене бітімінің түзу өспеуіне ықпал жасайды, уақыт ұзарса балалардың көзіне зиян келтіреді, қосымша ауру тудырады. 

2. Ақыл-ойына болған зияны: ата-анасымен әңгімелесу, ақыл-насихат тыңдау орайынан айырылып, жабырқау, қырсық, жат мінездерді қалыптастырады.

Балалар телефон не компьютер ойындарын ойнауды ата-анасынан, маңындағы адамдардан үйренеді, сондықтан, ата-аналар өздерінен бастап телефоннан ойын ойнауды (карта, түрлі көлік жарысы) тоқтату керек, оның үстіне балалардың қандай адаммен араласқанына, нені үйренгеніне назар аудару қажет. Қазіргі балалар зердесі ерте ашылған, телефон ойындарын ойнауды тез әрі жақсы игереді дейтін негізсіз көзқарастан аулақ болып, залалсыз ойыншықпен ойнатып, спортпен айналысуға шабыттандырып, сау денелі болып өсіп-жетілуін қадағалаған жөн. 

Дайындаған: Сұңқар Ақбоз

Сурет: channel5.com

Дайындаған: Meyirzhan Auelkhan
Қосылған күні: 04 сәуір 2014, 18:15
Пікірлер
+0
04 сәуір 2014, 23:36

Өкінішке орай, інілерім телефоннан түспейді (((

+0
06 сәуір 2014, 00:36

Сағатпен және уақытымен ойнатқан дұрыс,күніне 1 сағатқа :) Бала да сол ережеге дағдыланады, тәжірибемен тексергенмін :|

+0
06 сәуір 2014, 14:56

2 жасар сіңлім Галаксидің тілін менен жақсы біледі. Мен қоса алмайтынды қосып, мен ойнай алмайтынды ойнап отырады. Қуантарлығы ұзақ уақыт ойнамайды, бірақ жиі қолына алады. Сіздің пікірге қосыламын, Сұңқар Ақбоз. :mrgreen:

+0
06 сәуір 2014, 19:26

Мен бауырларымды тіпті жақындатпаймын

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.