Ақ кеданы тазартудың оңай жолы

Ақ кеданы тазартудың оңай жолы

Заманауи жастардың көпшілігі кез келген киіммен жарасатын ақ кеда киюді сәнге айналдырған. Бірақ жеткілікті түрде күтім жасалмаса біраз уақыттан кейін ақ аяқ киім сұрға айналып, кірлейтіні анық. Оны тазарту да біріз күшті талап етеді.

Қажетті құралдар:

- тіс щеткасы;
- сабын;
- ұнтақ;
- мақталы тампон;
- жанармай немесе дақ кетіргіш;
- ас сірке суы;
- сутек тотығы;
- лимон сірке суы;
- тіс пастасы.

Нұсқаулық:

1) Кеданың көп бөлігі канвас, мақта матадан немесе басқа да маталардан, яғни кездемеден тұрады. Мұндай аяқ киімді кір жуғыш машинада жууға болады, бірақ оған дейін аяқ киімнің табанын топырақтан және тұрып қалған тастардан тазартып алу керек. Ол үшін ескі және қажетсіз тіс щеткасын пайдалануға кеңес береміз. Щетканы сабын суда сулап алып, табанын жақсылап тазартыңыз.

2) Кеданың бауы мен ұлтарақтарын шығарып, оларды кір сабынмен бөлек жуыңыз. Күн түспейтін жерде және басқа да жылу беретін құрылғылардан қашықта кептіргеніңіз абзал, сонымен қатар кептіргішке салмағаныңыз жөн, әйтпегенде ұлтарақтар бастапқы қалпын жоғалтып алады. Табаны тазартылған кеданы кіржуғыш машинаға салыңыз, қажетті мөлшерде ұнтақ себіңіз де, салқын суда жуу режимін таңдаңыз. Айта кететіні, жаңа шығып жатқан кір жуғыш машиналарда спорттық аяқ киімдерді жууға арналған режим бар.

3) Ақ кеданы алыңыз да, құрғақ қатты щеткамен қатып қалған кірді кетіріңіз. Табанын топырақтан тазартыңыз. Легенге қырық градустан аспайтын жылы су құйыңыз. Суға аз мөлшерде үгітілген сабын немесе балалар киімін жууға арналған ұнтақты себіңіз. Осылайша ақ аяқ киімді бауымен ұлтарағын қосып, қолмен жуып көріңіз. Кейін бірнеше рет салқын суда шайыңыз, осылайша матаның ажырамауының алдын аласыз.

4) Кеданың ақ матасына сіңіп қалған дақтарды кетіру үшін жанармайға немесе дақ кетіргішке малынған мақталы тампонды пайдануға болады. Ақ кеданы жуу үшін ешқашан хлоры бар ағартқышты пайдаланбаңыз. Кеданы қалыпты бөлме температурасында кептіріңіз.

5) Ақ кедаларды тазартқыш құралды өз қолыңызбен жасап алуға да болады. Ол үшін бірдей пропорцияда жуғыш ұнтақ, ас сірке суын, лимон сірке суын немесе сутек тотығын араластыру керек. Нәтижесінде өзіндік бір қою паста шығады, соның көмегімен ақ кеданы оңай тазартасыз.

6) Кеданың ақ матасына сіңіп қалған кірді құрамында жалбыз бар тіс пастасымен де кетіруге болады (тіс ағартқыш пасталар болса тіпті жақсы). Ескі тіс щеткасын сулап, кішкене паста жағыңыз, әсерін арттыру үшін бір екі тамшы лимон шырынын қоссаңыз болады. Сіңіп қалған дақтарды щетканы айналма жүріспен тазартыңыз. Қажет болса процедураны бірнеше рет қайталаңыз. Соңында жылы сумен шайыңыз.

Сурет: ostirke.ru

Дайындаған: Анар Мұстафина

Оқи отырыңыз:

Кеданы немен киеміз?

A. Mustafina