Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте пікір қалдыру мен блог жазу ережесі өзгерді
Массагетте пікір қалдыру мен блог жазу ережесі өзгерді

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Негізгі / Бойжеткен / Шаңырақ / Сіз не үшін байымайсыз?

Сіз не үшін байымайсыз?

Сіз не үшін байымайсыз?

Басқалардың автокөлігіңізге қалай қарайтынына өте көңіл бөлесіз

Автокөлік сізді бір жерден енді бір жерге апаратын қатынас құралы ғана. Дегенмен көптеген адам автокөлікті салауаттың символы деп қарап, көлік үшін жыл аралатпай қыруар ақша жұмсайды. Әсте көнерген көліктерді жүргізіп, үнемдеп қалған ақшаны қаржы қосуға жұмсамайды. Расында, автокөлік бір мысал ғана. Сіз киім-кешек, азық-түлік, тұрғын үй жақтарда басқалардың қалай қарауымен, бет-бедел үшін «бөрі арығын білдірмес» дегендей жүрсеңіз, мүлде қор жинай алмайсыз.

Үнемі жақсы күн көруім керек деп қарайсыз

Егер сіз мәлім ерекше формамен тұрмыс кешіремін десеңіз, сөзсіз, ерекше нәрселеріңіз болуы, сөз жоқ, белгілі мөлшерде ақша жұмсауыңыз керек. Егер сіз қазір бұл істерді істеуге әл-ауқатыңыз жетпесе, қарыз алып әліңізді білмей әлекке түсесіз. Көп қарыз ісіңізге ықпалын тигізеді, сіз де байлық топтай алмайсыз.

Қазына жию әдісіңізде жаңалық жоқ

«Бес саусақты ауызға бірақ салуға болмайды». Бұл байлық жиюға қаратылған ең көне, ең құнды сөз. Қаржы қосу арнасын көбейткенде ғана, байлығыңыздың зым-зия жоғалуынан сақтануға болады.

Мезгілін өткізіп аласыз

Қаржы қосып қазына жиюда «қабаттама өсім» деген сөз бар, өсім үстіне өсім жамалғанға ұқсас. Бірақ «қабаттама өсімнің» кереметі ұзақ уақыттан кейін байқалады. Егер сіз үнемі кейін де ақша жиятын, қаржы қосатын уақытым бар деп қарасаңыз, күндердің бірінде зейнетке шығатын уақыттың алыс емес екенін, ал есебіңізде мардымды ештеме жоқ екенін байқайсыз .

Қызметіңізді ұнатпайсыз

Қызметіңіз, сөз жоқ, армандағаныңыздай болмаса да, ұнатуыңыз керек. Егер сіз ақша үшін ұнатпаған қызметті таңдасаңыз, болашақта барлық ақшаңызды жұмсап, осы ұнатпаған қызмет тудырған қысымды жеңілдететін боласыз.

Үйренуге зауқыңыз соқпайды

Сіз «университет бітірген соң жалғасын үйренуімнің қажеті жоқ» деп ойлауыңыз мүмкін, осы ойыңызбен бір қызметті ұстап қалуыңыз да ғажап емес, бірақ мәңгі бай бола алмайсыз. Егер бай болғыңыз келсе, түрлі білімдерді белсене үйренуіңіз, қызмет сапаңызды жоғарылатып, қазына жию біліміңізді молайтуыңыз өте қажетты.

Үнемі өзіңізге мүлде қажеті жоқ нәрселерді сатып аласыз

Үйіңізде, қабырға шкафыңызда, жер асты бөлмеңізде, автокөлік үйіңізде өткен бір жылда мүлде істетпеген нәрселеріңіз бар ма екен, қарап көріңіз. Егер бар болса, сіз сатып алған бұл нәрселер дәулетіңіздің құнын арттыратын ақшаны ысырап қылған болуы мүмкін.

Құнның не екенін түсіне бермейсіз

Сіз түрлі себептермен көп нәрселерді сатып аласыз, алайда өзіңізге қандай пайдасы барлығын мүлде біле бермейсіз. Мұндай жағдайлар тек ең қымбат нәрселерді алатын адамдарда ғана емес, тек арзан нәрселерді ғана алатын адамдар арасында да бар. Бұл әдіс өнімнің нағыз құнын бейнелеп бере алмайды. Тек сіз құнды нәрселерді сатып алуды үйренгеніңізде ғана, келешегіңізге қаржы қосуға артық ақшаңыз болады.

Үйіңіз өте үлкен

Егер сіз экономикалық жағдайыңыз жар бермейтін үйді сатып алған болсаңыз, ұзақ уақыт қарыз қайтарасыз, көп салық төлейсіз, үйді жөндеу қаражатын жұмсайсыз, тағы да көп нәрселерді алып үйдің ішін толықтырасыз. Көп адамдар үйдің құны жоғарылап отыратындықтан, үй сатып алуды ең жақсы қаржы қосу деуі мүмкін. Бірақ сіз үй сатуға шебер болыңыз немесе өзіңіздің қоныстану өлшеміңізді төмендетуге дайын болсаңыз, биыл 100 шаршы метрлік, келер жылы 50 шаршы метрлік үйде тұрыңыз.

Орайды ұстай алмайсыз

Сіз кейбіреулердің тасы өрге домалап, байып кеткенін талай рет естіген шығарсыз, бұл уақытта «мен де ойлай алатын едім, мен де істей алар едім» деп өкінуіңіз мүмкін. Егер сізде айнымас сенім, табанды дайындық болса, жақсы орайдың көп екенін байқайсыз. Мәселе сізде осындай айнымас сенім мен табандылық бар ма?

Дайындаған: Сұңқар Ақбоз

Сурет: bioon.com

Дайындаған: Meyirzhan Auelkhan
Қосылған күні: 11 ақпан 2014, 16:38
Тегтер: Ақша, ақша табу, баю,
Пікірлер
+0
11 ақпан 2014, 16:42

Қажетсіз нәрселерді сатып алумен кетеді ақшаның бәрі. ((

+0
11 ақпан 2014, 17:15

өзі қажетсіз болса неге ақша шығындайсыз?

+0
11 ақпан 2014, 17:41

әйел затының бәрі сондай. әдемі нәрсе көрсе дәл қазір содан асқан қажет дүние жоқтай көрінеді өзіме)

+0
12 ақпан 2014, 15:21

Қанша қаржы таптым дегеннің өзінде бай бола алмадым, дегенмен мен тырысам :)

+0
18 ақпан 2014, 00:20

бәсе, бәсе неге байымайын деп қоямын... 8-)

+0
12 ақпан 2016, 14:53

иа

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.