- Негізгі бет
- Шаңырақ
- Ақ тонды қалай...
Ақ тонды қалай тазалау керек?
Ашық түсті тон өте бай және әсем көрінеді. Әрине ақ, сарғылт сынды ашық түсті тон қара, қоңырға қарағанда ерекше. Бірақ ашық түсті тонды тазалықта ұстау әлдеқайда қиын. Егер сіздің қысқы киіміңіз ашық түсті тоннан тігілген болса немесе күртешеңізде ақ тон элементтері болса, оны қалай дұрыс тазалайтындығын білгеніңіз абзал.
Қалада таңмен таза болған ішік күні бойы даланың кірін жинап, кешкісін танымастай бола алады. Мұндай тонды тазалау үшін бірнеше ережеге сүйеніңіз.
Біріншіден, аң терісінен тігілген тондағы кір дақтарды сулап жумаңыз. Дақты ылғал сулықпен сүрту де еш әсер бермейді, керісінше жағдайды одан әрі ушықтырады.
Кір дақтар толықтай кепкенін күтіңіз. Тонды тек құрғақ кезінде тазалауға болады. Тонды таза, ал ең бастысы құрғақ щеткамен бір бағытта тазалаңыз. Щетканы қатты баспаңыз, бұл жағдайда кір тереңірек сіңеді. Осылайша щеткамен ішіктен кірді қағып тастайсыз.
Ал тонға терең сіңген дақтарды жұмсақ нан кетіре алады екен. Нанның ақ, қара түрлерін қолдана беруге болады.
Дақтарды кетіруде нан көмектеспесе, картоп крахмалын қолданып көріңіз. Ұнтақ ретінде сатылатын картоп крахмалын дәкеге орап, дақтарды осымен кетіріп көріңіз.
Ақ тон түсін қалпына келтіру үшін оны сутек тотығымен суланған мақтамен сүртіп шығыңыз.
Әрине тонды тазалағанда ол қай аңның терісінен жасалғанын, қаншалықты кірленуін есепке алу керек. Мысалға толықтай аң терісінен тігілген тонды зоодүкенде сатылатын жануарларға арналған сусабынмен жууға болады.
Дайындаған: Сания Аринова
Сурет: fashionstylist.kupivip.ru
С. А